Get Mystery Box with random crypto!

Павлодар мектептеріне Алаш арыстарының есімі берілмек Павлода | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Павлодар мектептеріне Алаш арыстарының есімі берілмек

Павлодар облысындағы 12 мектепке қазақтың белгілі тарихи тұлғаларының есімі берілуі мүмкін.

Павлодар қаласында:
№20 мектеп-лицейіне - Әлихан Бөкейханның;
№34 инновациялық мектебіне - Ахмет Байтұрсынұлының;
№1 мектебіне - Малайсары батырдың;
№23 мектебіне - Рафика Нұртазинаның;
№16 мектеп-лицейіне - Аманжол Шәмкеновтің;
№9 гимназия-мектебіне - Шапық Шөкиннің;
№28 мектепке - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың;
№19 мектепке - Мәшһүр Жүсіптің;
№37 мектепке - Жұмабек Тәшеновтың есімі берілмек.

Сондай-ақ, Ақсу қаласында:
№1 қазақ орта мектебі - Ыбырай Алтынсариннің;
№2 мектебі – Абайдың;
Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған гимназия Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталсын делінген Үкімет қаулысында.

Ұйымдарға тарихи тұлғалардың есімдерін беру бұрыннан бері келе жатқан үрдіс. Ал одан мектептердің дамуына, сондағы білім сапасының артуына оң үлесі бола ма?

https://www.inform.kz/kz/pavlodar-mektepterine-alash-arystarynyn-esimi-berilmek_a3957052