Get Mystery Box with random crypto!

un.naim

Telegram арнасының логотипі unnaim — un.naim U
Telegram арнасының логотипі unnaim — un.naim
Арна мекенжайы: @unnaim
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-01-13 22:48:02 Ун.наим менің инстамның аты болатын. Инстамды кетіргеннен кейін өзгертсем деп жүрдім, әлде тұра берсін ба
14 views19:48
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 22:47:19 Каналдың атын өзгертсем деп едім. Кімнен қандай вариант болар екен
15 views19:47
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 22:36:07 Әнәс ибн Мәлик (р.а) риуаят етеді: "Алла елшісі ﷺ былай дейді: "Менің алдыма Жәбірейіл келді. Қолында жарқыраған айна бар еді. "Бұл жұма күні. Жаратқан иең оны саған және сенің үмбетіңе мейрам болсын деп, саған парыз қылды"-деді. "Бізге оның қандай пайдасы бар?-дедім. Ол: "Жұмада біз үшін әбден сауапты бір сәт бар. Кім сол сәтте Жақсы нәрсе сұраса, Алла оны сөзсіз береді. Не бір күнәдан сақтану үшін Алладан сұраса, Алла оны сақтайды. Біз үшін ол-күндердің ең ұлығы. Біз оны ақіретте "өте үлкен қуаныш тарту етілген күн"-деп атаймыз-деп жауап береді.
13 views19:36
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 20:42:34
21 views17:42
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 15:05:02 Мен өзім әдебиетті ерекше жақсы көретін орамалды арумын. Мені дін мен әдебиетті араластырады деп сөкпеңіздер
12 views12:05
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 14:55:20 Аллаһтың қалауымен елімізде жағдай тұрақты. Қаза тапқан әскер қызметшілеріне алғысымыз шексіз. Аллаһ Жәннатпен сүйіншілегей. Аман болсыңыздар, Аллаһ қорғасын сіздерді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, байрағымыз биік болсын
13 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 14:53:45 Көп әйелдер ұят дегенді естігендерімен, ұялуды білмейді.
13 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 14:53:16 — Еркектер! Әйелдеріңді қадірлеп, құрметтеңдер. Бұл қысқа ғұмырда саған тиетін мәңгілік бақыт, байлық, ұлылық — өз әйелің ғана! Одан айырылғанда кеудеңнен жаның шығып, салдырап қу сүйегің қалғандай күй кешесің!
— Әйелдер! Күйеулеріңді күтіңдер, аялап ардақтаңдар. Өмір деген өткінші дүниеде ерлі-зайыпты екі адамның татулығынан тәтті, достығынан күшті, махаббатынан биік ештеңе жоқ.
— Жастар! Қыздарды қадірлеп, құрметтеңдер: аялаңдар, ардақтаңдар, абыройын төкпеңдер. Өзің үшін жаралған "алтын балапанды" тауып, мәңгілік махаббатқа жетуге тырысыңдар.

Әзілхан Нұршайықов
“Мәңгілік махаббат жыры”
14 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 14:52:47 Өз ойымша, махаббат деген адамзат сезімінің алтын құсы сияқты. Махаббат бірін-бірі білмейтін алыс жақта дүниеге келген екі жастың жүрегін ұя еткен алтын құстың (немесе аққу құстың) ақ үрпек балапанына ұқсайды. Өз ұяларының төрінде талпынып өскен екі алтын балапан есейгеннен кейін, жүректері дірілдеп, көңілдері алабұртады. Әлдекімді іздегендей болып, жан-жағына қаранып, таранып, талпына бастайды. Өз жанымен үндес біреу бар екенін іштей сезеді. Бірақ, оның қайда екенін, қашан кездесетінін екеуі де білмейді. Олар ұядан шығып, әрқайсысы өз тіршілігімен, аспан кеңістігін самғап ұша бастайды.
Өз ұяларынан әлдебір алыс жерде немесе атамекен өз тоғайының шетінде Тағдыр ол екеуін ойламаған жерден кездестіреді. Бірі үшін бірі жаратылған екі жүрек үнсіз үйлесіп, бір ырғақпен соғып, қатар түзеп, Өмір деген көк аспанның қиырына қарай бет түзеп, қанаттарын қатар сермеп, шаттана шырқай жөнеледі...
Қыз бен жігіт те сол екі алтын балапан сияқты. Олар да бірінен бірі аулақта өсіп, ақыл толтырады. Бой түзеп, ер жетеді. Көрік, келбетін, тәртіп, тәрбиесін жұрт мақтап, көптің аузына ілінеді. Олардың жүрегі жақсы сыңар іздейді. Өстіп жүрген екі жас кездейсоқта кездесіп, ойда жоқта танысып, табысады. Қос жүрек жымдасып, бүкіл дене бір бітімге айналады. Содан кейін қол ұстасып, өмірдің белгісіз бел-белестерін бетке алып, ілгері ұмтылады. Бірінен-бірі бір елі ажыраспай, тағдыр айырғанша тату-тәтті тамаша өмір сүреді. Мәңгілік махаббат деп осыны айтатын болармыз.

Әзілхан Нұршайықов
“Мәңгілік махаббат жыры”
13 views11:52
Ашу / Түсініктеме