Get Mystery Box with random crypto!

Әнәс ибн Мәлик (р.а) риуаят етеді: 'Алла елшісі ﷺ былай дейді: | un.naim

Әнәс ибн Мәлик (р.а) риуаят етеді: "Алла елшісі ﷺ былай дейді: "Менің алдыма Жәбірейіл келді. Қолында жарқыраған айна бар еді. "Бұл жұма күні. Жаратқан иең оны саған және сенің үмбетіңе мейрам болсын деп, саған парыз қылды"-деді. "Бізге оның қандай пайдасы бар?-дедім. Ол: "Жұмада біз үшін әбден сауапты бір сәт бар. Кім сол сәтте Жақсы нәрсе сұраса, Алла оны сөзсіз береді. Не бір күнәдан сақтану үшін Алладан сұраса, Алла оны сақтайды. Біз үшін ол-күндердің ең ұлығы. Біз оны ақіретте "өте үлкен қуаныш тарту етілген күн"-деп атаймыз-деп жауап береді.