Get Mystery Box with random crypto!

Ubt 2021 ҰЛЫ ДАЛА ҰБТ ент

Telegram арнасының логотипі ulydalaubt — Ubt 2021 ҰЛЫ ДАЛА ҰБТ ент U
Telegram арнасының логотипі ulydalaubt — Ubt 2021 ҰЛЫ ДАЛА ҰБТ ент
Арна мекенжайы: @ulydalaubt
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 384
Арнадан сипаттама

Ұбт-ға тегін дайындалуға арналған платформа

Ratings & Reviews

1.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2021-09-01 13:12:22 Менің грантқа түспеуіме кім кінәлі? Ең алдымен, ең бірінші өзімді ғана кінәлаймын, неліктен? Себебі, грантқа өтінім берер сәтте мен тек бір қаладағы топ 4 универлерді таңдадым. Екінші себебі, тек бір ғана мамандық атауын 4 универге топтастырдым. Филологияға баллым жетпейді, кітапхана ісі менікі емес деп өзіме тым сенімділікпен тек қана мұғалім мамандығына запрос жібердім.


Prom22, мемлекет бізге түрлі мүмкіндіктер беріп жатыр, дұрыс пайдалана білу тек өзіміздің қолымызда. Алдағы ҰБТ да және грантқа өтінім берер сәтте қателік жібермеңіздер, немесе бізден кеңес сұраңыздар, қолдан келгенше көмек береміз. Бір қаладан және бір мамандықты ғана жазғаннан автоматты түрде гранттан айрылатындарыңыз естен шықпасын
184 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 11:40:18 Жаздың бітуіне 2 күн қалды. Дайындықты қашан бастайсың
93 views08:40
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 23:59:46 Адам даму жолында тек миына ғана шектеу қоя алады. Айналамызда бізді таң қалдырып жатқан дүние көп шығар. Бірақ, бір сәт ойлаңызшы неліктен әрқашан сіз армандаған затты басқа адам екі есе етіп орындайды? Себебі, сағы сынбай мақсатына жеткенше күресе білуі . Адам миы 100% жұмыс істесе, ол 30 томдық энциклопедияны 1 күннің ішінде оқып тастар еді. Кей жағдайда, біз өз өмірімізді сөзбен де қиындатып аламыз. ҰБТ да әрқашан үлкен әрі алынуы қиын сынақ болып көрінгенмен бұйырғаны да бұйырмасы да сыналған сәтте, қолды бір сілтейміз де іштей “Бұйырғаны болды. Бір жыл үздіксіз дайындалғанымның арқасында грант ұтып алдым”,- деп қысқа қайыра саламыз. Бірақ, ҰБТ ешқашан ауыр әрі үлкен сынақ болған емес, ол тек өмірдің бастапқы баспалдағы. 11 сынып оқушысына үлкен болып көрінгенімен кейін барлығы да артта қалмақ. Сол үшін нендей жағдай болмасын тез сынып қалмаңыздар. Бізге берілген әр күн мүмкіндікке толы сынақ
14 views20:59
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 14:23:42 СІЗДЕР БАЙҚАЙСЫЗДАР МА?
Соңғы кезде жастардың арасында тіпті ата-аналардың да ішінде:
“оқудың керегі жоқ”
“Универге түсу-уақыт жоғалту”
“Диплом-түкке жарамайтын қағаз” деген сөздер жиі айтылатын болды. Білім грантын алып тұрып саналы түрде университеттен бас тартқан баланы өз көзіммен көрдім. Ұраны “Здесь и сейчас” Дәл қазір ақша табуым керек, реферат жазып уақыт жоғалту әурешілік деген ұстаныммен өмір сүреді. Бұған бірінші себеп курстар мен тренингтерде сабақ беріп жүрген кейбіреулер осы сөзді өте көп айтады. Иә, қысқа мерзімді курстар үйрететін ақша табудың төте жолын университет үйретпеуі мүмкін. Бірақ академиялық білімді мұнша қадірсіз қылып көрсетуге заңмен шектеу қою керек деп ойлаймын. Марафон, курс,тренинг сіздің жаңа қабілетіңізді ашса да бұл уақытша ғана тренд. 2022 ма 2030 жылы ма білмеймін, бірақ мұның дәуірі әйтеуір бітеді. Негізгі мамандық пен қосымша білімді шатастырмаңыз. Университетте оқып жүріп, қосымша курсыңызды өте берсеңіз сізге кім шектеу қояды?
Екінші себеп
Илон Маск сияқты әлемге танымал немесе жас буын еліктейтін адамдардың “мен университетте оқымадым, бірақ оқығандар менің қол астымда жұмыс істейді” деген сияқты рас-өтірігі белгісіз сөздері интернетте кеңінен насихатталып жүр. Мұның бәрі халықты жаппай топастандыру үшін әдейі жасалып жатқан дүние. Білім-ғылымнан теріс айналдыру. Бала-шаға, іні-қарындас, дос-жаранға осыны ескертіп айта жүрейік. Надан елді билеп-төстеу оңай. Ғылыми жаңалықты басқа ұлт ашса, біздікілер тек фаст-фуд ашса, ең танымал тұлғасы тик-ток пен хип-хоптан шыққандар болса, бар білімі 3-күндік марафоннан аспаса қазақтың болашағы бұлыңғыр. Бұлыңғыр жерде неміз бар?

Автор: Жандарбек Бұлғақов
156 views11:23
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 08:52:18 ҰБТ ның сіз білмейтін 3 фишкасы

1. ҰБТ да 1 баллдың өзі жоғары рөл ойнайды. “Грантқа 1 балл жетпей қалды”,- деген әңгімені жиі естіген шығарсыздар? 1 баллдың рөлі осы жерден білінеді

2. Сіз сливтерді бөліскен сайын, грантқа қадам алыстай береді. Себебі, осы жылы медицина саласы және педагогикалық мамандықтарда (әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті) грантқа түсу мүмкіндігі +120 ға дейін көтерілді (Алматы ВУЗ- дарына). Сонымен қатар, ауылдық квота балы да жоғары көтерілді


3. ҰБТ да таңертеңгі тапсырушыларға келген сұрақ түстен кейінгі тапсырушыларға да дәл сол сұрақтар келген. Яғни, база сұрақтары қайталанып отырады.


Жас түлектер, ҰБТ да тек қана сәттілік тілейміз
212 views05:52
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 20:26:57 ҰБТ алдындағы стресс, депрессиядан арылу үшін берілетін топ 3 кеңес:

1. Таңымызды жүгіруден бастау. Жүгіру адамға шабыт сыйлап, бақыт гормонын бөлетін ерекше құбылыс, және иммунитет қалыптастырып, жаңа қиындықтардың алдын алатын сергіту құралы.

2. Күніңізді жақсы сөздермен, әрекеттермен және өзіңізге шабыт сыйлайтын сөз әдебімен бастаңыз.

3. Смартфон, гаджет құралдарын аз уақыт пайдаланыңыз. Себебі, гаджет құралдары ағзамыздағы жаңа күнге арналған энергияны жойып жібереді.

Ақпарат пайдалы болса төменге пікіріңізді жаза кетіңіз
154 viewsedited  17:26
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 07:12:12 Бүгінгі күн ол саған берілген мүмкіндік
167 views04:12
Ашу / Түсініктеме
2021-07-18 19:07:01 Өзіме!

Проблема:
Смартфонмен көп отырасың. Уақытың пайдасыз посттар мен стористер көрумен өтіп жатыр. Көзің құрып, миың әлсіреп барады.

Әрекет:
Смартфонды белгілі уақытта ғана ұста. Пайдасыз қосымшаларды өшір. Инстаграмда - пайдалы контенттерді ғана қара [шектеулі уақыт ішінде].
Көп кітап оқып, көп жаз! Жанұяңа көп уақыт бөл. Өмір қысқа. Мағыналы, сауапты істер көп жаса.

Проблема:
Аз қимылдап, көп жейсің. Көп ұйықтап, тәртіпсіз [дисциплинасыз] жүрсің.

Әрекет:
Күн сайын 10.000 қадам мақсатың болсын. Бұдан кейін тоймай жеуге тырыс. Көкеністер мен жеміс-жидек же. Сонда ұйқың да түзеле бастайды. Ерте тұрып, Алланың берер берекетін жіберіп алма!

Проблема:
Біреуден көмек күтіп, істердің жасалуын дәметіп жүресің.

Әрекет:
Ешкімге тәуелді болма! Сонда ешкімнен көмек сұрамайсың, дәметпейсің. Аллаға сеніп, өзің жасауға тырыс. Назарыңды толықтай аударып істеген істің - берекеті болады.

Қорытынды:
Осыларды жасасаң 70-80% проблема - өздігінен шешіледі. Сол үшін, кейінге қалдырмай қазір баста!

Ps. Өзіме айттым өсиет,
Алғым кеп жақсы қасиет.
Боламын десең керемет
Сен де жаса әрекет.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!
143 views16:07
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 07:22:10 Бүгінгі күніне сәттілік тілеймін!
192 views04:22
Ашу / Түсініктеме