Get Mystery Box with random crypto!

Өзіңді оят! Жүре бермей түңіліп, Күдіктеніп, қорқып, ылғи кіді | KaiyrbekShaguanuly ҰБТ 2023

Өзіңді оят!
Жүре бермей түңіліп,
Күдіктеніп, қорқып, ылғи кідіріп.
Тұтансын сенде жалын беретін жүрекке,
Ұмтылдыратын Ұлы арман және Бір үміт.
Өзіңді оят!
Дабылын қақсын арманың,
Күтуде талай жетістіктерің алда мың.
Шабыттанғайсың жарқын болашақ жайында,
Уайым-қайғының астында сөніп қалмағын.
Өзіңді оят!
Адам екеніңді еске алып,
Білімнің жолын, ілімнің жолын төске алып.
Өмір дегенің өткенің емес, қалғаны-
Жүрген жоқсың сен жақсылықтардан кеш қалып.
Өзіңді оят!
Күшіңді сезін жасындай,
Талантың-таудай, тек қана жатыр ашылмай.
Үлкен ойыңмен үлкен жобалар бастарсың,
Ұмтылсаң досым ұялшақтыққа бас ұрмай.
Өзіңді оят!
Жүгенін жібер, жүйріктің,
Демегін маған "Орынсыз жерде киліктің".
Қиындықтарды сынақ деп қара батпайтын,
Күресіп жүріп мен-дағы қалқам , ширықтым.
Өзіңді оят!
Өтірік ойлармен түс көрмей,
Қиялдап жүріп қалмасын ісің істелмей.
Әрекеттенгін, әрекет-өмір өзегі,
"Білмедім" деме, аспаннан жаңа түскендей.