Get Mystery Box with random crypto!

Өз-өзіңді дамытуға арналған 9 сайт TED Ой-өрісті кеңейтіп, | KaiyrbekShaguanuly ҰБТ 2023

Өз-өзіңді дамытуға арналған 9 сайт

TED
Ой-өрісті кеңейтіп, жаңа тəжірибе мен шабыт алуға теңдессіз ресурс. Мұнда адамдар таңғаларлық идеялармен жəне оларды қалай жүзеге асыруға болатынымен бөліседі. Лекциялар əртүрлі тілдерде өтеді, дегенмен көптеген тілдерде субтитрлер қолжетімді.

Medium
Көптеген қызықты мақалаларды табуға болатын блог платформа. Өзіңе қызықты тақырыптарды таңдап, таңдаулы мақалаларды оқысаң болады. Сен таңдаулы деп тапқан мақалалардың авторларына жазылып, жаңа мақалалар жайлы хабарландыру алып тұруыңа болады.

Stepik
Білім алуға арналған керемет платформалардың бірі. Тегін əрі қолжетімді. Программалау, математика, биоинформатика, экономика, психология, журналистикадан курстарды таба аласың. Сайтқа тіркел, курсты таңда да, оқып баста.