Get Mystery Box with random crypto!

​ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ С | KaiyrbekShaguanuly ҰБТ 2023

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ СЫНАҚТАРЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған байқау сынақтарын іске қосты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында https://prob-ent.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.

«Министрлік тұрақты негізде тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізуде. Қабылданып жатқан шаралар аясында бүгін біз ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн тестілеуді іске қостық. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни, қазірдің өзінде талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады», – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Білім деңгейін тексергісі келетіндер үшін ҰТО сайтында ақылы онлайн-тестілеу де іске қосылды. Тесттерді https://cabinet.testcenter.kz/ сілтемесі арқылы тапсыруға болады.

Толығырақ.