Get Mystery Box with random crypto!

Алтынсарин академиясы

Telegram арнасының логотипі ubaedukz — Алтынсарин академиясы А
Telegram арнасының логотипі ubaedukz — Алтынсарин академиясы
Арна мекенжайы: @ubaedukz
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 3.53K
Арнадан сипаттама

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы
Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-04-21 15:43:17 Бүгін «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төралқа отырысы өтті.
Отырыста қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оның əлеуметтік ахуалына қоғамдық бақылау орнату және мемлекеттік тіл арқылы ұлттың рухани-мəдени болмысын насихаттау, тілдік ресурстарды жетілдіру, сондай-ақ қазақ тілін оқыту бойынша мәселелер талқыланды.
Жиын соңында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, шетелдердегі қазақ мектептерінің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Берік Әбдіғалиұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің міндетін атқарушы Мадина Тыныбаева, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, ҚР Тұтынушылардың Құқығын Қорғау коалициясының төрағасы, Білім және инновация Ұлттық палатасы Кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов және Парламент депутаттары, қоғам белсенділері мен тіл жанашырлары қатысты.
2.1K views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 15:43:14
229 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 11:27:06 Тарих пәнін оқытуда қандай өзгерістер болады?

Осыған дейін Петропавлда тарих пәні мұғалімдерінің съезі өткен болатын.
Съезге 300-ден астам тарих пәнінің мұғалімі, тарихшы, әдіскер, ғылыми-зерттеу институттары мен бірқатар жоғары оқу орнының басшылары қатысты.

Съезге қатысушылар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жетілдіру, сонымен бірге оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, жоғары оқу орындарында тарих пәні мұғалімдерін даярлау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерін жан-жақты және ашық талқылады.

Тарихшылар мынадай ұсыныстарды көтерді:

- 5-сыныпта Қазақстан тарихынан бұрын мектеп бағдарламасында болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырыптарды қайтару;

- «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту. Қазір Қазақстан тарихының негізгі курсы 9-сыныпта аяқталса, 10-11-сыныпта негізінен проблемалық сұрақтар оқытылады. Осыған байланысты мұғалімдер мен ғалымдар 6-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихты толыққанды зерттеуді ұсынды;

— Материалды сынып бойынша бөлуді өзгерту. Мысалы, 6-сыныпты алып қарайық. 2016 жылдан бері бір ғана 6-сыныптың бағдарламасы 12 ғасырға жуық уақытты қамтыды.

Айта кетейін, VI ғасырдан XVIII ғасырдың басына дейін өте маңызды тарихи кезеңдер болды.
Ұлы дала тарихының бұл маңызды кезеңі түркі мемлекеттерінің, Алтын Орда мемлекетінің және Қазақ хандығының дәуірін қамтиды.
Ал енді осы тақырыптарды бір сынып емес, материалды толыққанды меңгеруді қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасын екі сынып бойынша бөлу ұсынылып отыр.

Мен бұл ұсыныстың барлығын орынды деп санаймын. Олар бағдарламаларды жаңарту жөніндегі сарапшылар тобында қосымша қаралады.

Енді нақты қабылданған шешімдерге тоқтала кетейін.

1. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады.

2. Жоғары оқу орындарында қазіргі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» орнына «Қазақстан тарихы» пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, дәлірек айтқанда, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды.

3. Енді ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, кейін мектепте сабақ бере алады.

4. Бағалау бойынша өзгерістер енгізіледі. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.

5. Петропавлда Ә. Марғұлан атындағы Археология институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сияқты ҒЗИ филиалдары ашылып жатыр. Бұл институттар осы оңірлерде ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастыратын болады.
659 views08:27
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 15:25:59 Сегодня специально ко Дню работников науки в Академии Алтынсарина состоялась презентация монографии «Өлшеу және бағалау».
Авторы монографии: директор центра «Педагогическая квалиметрия и международные исследования» Академии Алтынсарина, к.п.н. Исатай Сагиндыков, ведущий эксперт центра, к.ф.н. Гульжан Убайдуллаева, а также ассоциированный профессор Международного университета информационных технологий, к.ф.н. Бекзат Динаева.
В научном труде изложена эффективность педагогической квалиметрии, система оценки достижений обучающихся, пути изучения развития личности. Также представлен анализ вопросов о необходимости измерения школьного обучения, ошибок, допускаемых при измерении, средств и методов измерения, квалиметрического измерения уровня владения государственным языком. Представлены модели оценивания компетенций обучающихся, завершивших определенный уровень обучения, рассматривая их как личность: «Бақытты бала», «Білімдар ұрпақ», «Майталман», «Кемелденген тұлға».
Монография предназначена для специалистов в области образования, а также ученых занятых научно-педагогической деятельностью.
Книга доступна на интернет-ресурсе Академии uba.edu.kz
963 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 15:25:56
847 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 14:33:28 Ғылым қызметкерлері күніне орай бүгін Алтынсарин академиясында «Өлшеу және бағалау» монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Монография авторлары: Академияның «Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер» орталығының директоры, п.ғ.к Исатай Сағындықов, орталықтың жетекші сарапшысы, ф.ғ.к Гүлжан Убайдуллаева және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к Бекзат Динаева.
Ғылыми еңбекте педагогикалық квалиметрия тәсілінің тиімділігі, оқушылардың білімін бағалау жүйесінің ерекшеліктері, жеке тұлғаны зерттеу және дамыту жолдары жазылған. Сондай-ақ, мектептегі оқытуды өлшеудің қажеттілігі, өлшеу кезінде жіберілетін қателіктер, өлшеу құралдары мен әдіс-тәсілдері, білім алушының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің квалиметриялық өлшемі мәселелері кеңінен талданған. Білім беру сатыларының әр деңгейін аяқтаған білім алушыларды жеке тұлға деп қарастырып, «Бақытты бала», «Білімдар ұрпақ», «Майталман», «Кемелденген тұлға» деп атап, әр қайсысының құзыреттілігін бағалау моделдері ұсынылған.
Монография білім беру саласының мамандарына, педагогика саласында ғылыми-зерттеу жүргізушілерге арналған.
Кітап академияның uba.edu.kz сайтында қолжетімді.
904 views11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 14:33:25
860 views11:33
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 14:11:35
Қазақ зиялыларының ғылым туралы нақыл сөздері
1.0K views11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 09:17:00 Ғылым қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
12 сәуір ғылым қызметкерлерінің күні ретінде 2011 жылы бекітілді. Бұл мереке қазақ академигі, Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен сәйкес келеді.
Ғылым қызметкерлеріне сарқылмас шабыт, мол ғылыми ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Поздравляем всех работников науки с профессиональным праздником!
В 2011 году 12 апреля был утвержден как День работников науки. В этот день родился казахский академик Каныш Сатпаев - основатель и первый президент казахской Академии наук.
Всем работникам науки желаем неиссякаемого творческого вдохновения и новых научных открытий!
1.1K views06:17
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 09:15:40
1.0K views06:15
Ашу / Түсініктеме