Get Mystery Box with random crypto!

Кеңес заманнан қалған қазіргі Қазақстан тарихнамасының бір “на | Türkistanica.tarih

Кеңес заманнан қалған қазіргі Қазақстан тарихнамасының бір “нашар” әдеті: ол тек қазіргі Республиканың шегарасымен шектеп, өз тарихын зерттеу.

Әлі күнге дейін заманауи Қазақстан тарихшылары Қазақстан тарихын жай ғана қазіргі мемлекеттік шекарасын қамтыған оқиғаларды, халықтарды, мемлекеттерді, үдерістерді зерттейді. Мұндай қылық 1920 жж. Түркістанда (= Орта Азияда) өткен кеңестік “ұлттық-аумақ бөлінісі” кезінде пайда болған ілім (мысалы: Өзбекстан тек өз шекарасындағы тарихты зерттей отыра Өзбекстанға қатысы бар Қазақстан жерінде болған оқиғалардың тарихын зерттеуге құқығы жоқ, бұл құбылысқа Түрікменстан да, Қырғызстан да, Тәжікстан да ие). Оған дәлел: Қазақстан тарихында Алтын Орда (негізгі түпнұсқа атауы: Жошы Ұлы Ұлысы) тек кішігірім рөл атқарады (Алтын Орданың мемлекет ретінде тарихи маңыздылығын жоя тұра көрсетіледі) - ал қазіргі Қазақстан жерінде болған оның Сол (Шығыс) Қанатына аса маңызды рөл береді (қалған Алтын Орданың Оң қанаты болмағандай айтылып беріледі). Тура солай шығыс сақтар да тек Қазақстанның “тарихи меншік иесі” ретінде ұсынылады, Ресейге - батыс скифтер, Украинаға - сарматтар, Өзбекстанға - соғдылар, Тәжікстанға - Бактрия елі.
Осындай түсінікті өзгерту қажет - біріккен Орта Азиялық тарихнамаға көшіп (әр тарихи тайпаны, затты сол жерде өмір сүрген, табылған қазіргі мемлекетке бөлмей-ақ), осы арқылы Орта Азия интеграциясы тезірек өтер.