Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Барлық шектеу тек санамызда! Мен кеше МН-тің а | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Барлық шектеу тек санамызда!

Мен кеше МН-тің алғашқы лидерлері Жадыра және Бота ханымдармен таңғы ас іштім. Олар — Marine Health компаниясына алғаш болып сенгендердің бірі. Таңғы асымыз ерекше болды: өздері төледі . Неге олай болғанын айтайын. Бір тренингте бізге "қомақты сома жинау керек" деген тапсырма берілді. Біз 5 млн. теңгені қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарып, "менімен 500 000 теңгеге таңғы ас ішу" деген бір әдіс ойлап таптық. Айтсам сенбессіздер, бірақ 50 минутта 5 таңғы ас сатылды! Біз мұның қайырымдылық акциясы екенін айтқан жоқпыз, тек менімен танысып, сөйлесу мүмкіндігіне ие болатындарын ескерттік.
Сонда мен де, командам да бір нәрсені түсіндік: егер өзіңе және ұсынатын өніміңе сенсең, бұл әлемде кез келген нәрсені сатуға болады.
Ал сіз менімен таңғы ас ішуге 1000$ төлер ме едіңіз? ( Бұл — ұсыныс емес, жай ғана сауалнама)

Текст на русском языке выше