Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Тосынсый деп осыны айт, қолымдағы картаны қараң | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Тосынсый деп осыны айт, қолымдағы картаны қараңыз. Достарымызбен карта ойнап отырмыз. Иә-иә, мұның дұрыс емес екенін, құмарлық пен тәуелділік екенін білемін. Бірақ, мінсіз адам болған қызықсыз ғой, солай ма? Мен достарымның арасында өзімді еркін ұстаймын. Қарым-қатынастан, риясыз күлкі мен жанға жайлы ортадан ләззат аламын. Айтайын дегенім, өзіңіздің табиғи болмысыңыздан ажырамаңыз, бар жағынан мінсіз болуға тырыспаңыз. Әрдайым өзіңізді еркін ұстаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды жақсы көріңіз. Сонымен қатар, арасында қиындықтар мен күйбең тіршіліктен демалып тұруды да  ұмытпаңыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қайырлы түн !

Текст на русском языке выше