Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Сіздермен 2 маусым күні Алматы қаласында өткен | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Сіздермен 2 маусым күні Алматы қаласында өткен инвесторлар мен стартаптарға арналған Еуразиялық венчурлік форумнан алған тәжірибеммен бөліссем деймін. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен және түрлі аймақтардан келген ең үздік жобалар бас қосқан ғаламат шара дер едім. Форумның басты тақырыбы жасанды интеллекттің дамуы және оның қазіргі өміріміз бен болашағымызға әсері жайлы болды. Маған жаңашылдық пен стартаптар саласындағы білімдерімен, тәжірибесімен, болжамдарымен бөліскен спикерлер сөзінің сапасы мен тақырыптың өзектілігі қатты әсер етті. Сонымен қатар, стартаптар аллеясындағы туындыларды, жаңа технологияларды көріп, қызықты адамдармен танысып, идея алмасу, байланыс орнату мүмкіндіктеріне ие болғаныма қуаныштымын.

Менің ойымша, мұндай шаралар инновациялық экожүйелердің дамуына әсер ететін, инвесторлар мен кәсіпкерлер арасында серіктестік пен ынтымақтастық құруға мүмкіндік беретін, әлемдік нарықтағы аймақ потенциалы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стартаптар қауымдастықтары үшін өте маңызды. Осындай керемет форумға қатысуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін. Әлім, Паша, Мират, жарайсыңдар! Келер жылы бұл форумға тағы да қатысып, венчурлік инвестиция мен стартаптар саласындағы жаңа жетістіктердің куәсі боламын деп үміттенемін.

#CEVF2023 #AI #startups #investors #innovation

Текст на русском языке выше