Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Бүгін сіздермен кейбір адамдар неге бір көргенн | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Бүгін сіздермен кейбір адамдар неге бір көргеннен бір-бірін ұнатып жатса, кейбіреулері неге бірден жақтырмай қалатындығы жөнінде өз ойыммен бөліссем деймін. Сіз ол туралы ойланып көрдіңіз бе? Меніңше, ол камертон эффектісіне ұқсайды. Камертонның не екенін білесіз бе? Ол — дыбыс биіктігін алуға және тіркеуге арналған аспап. Егер камертонды таяқшамен ұрса, ол белгілі бір жиіліктегі дыбыс шығарады, мәселен, 440 Гц. Егер оның жанына сондай жиіліктегі тағы бір камертон қойса, ол да ештеңенің әсерінсіз тура сондай дыбыс шығарады. Екі нысан жиіліктерінің өзара сәйкес келуіне байланысты үйлесе тербелуінен пайда болған бұл құбылыс резонанс деп аталады. Адамдардың арасында да сондай резонанс пайда болады деп ойлаймын. Біз қызығушылықтары, көзқарасы, сана-сезімі өзімізге ұқсас адамдарды кездестіргенде, бір-бірімізді сөзсіз түсінетіндей үйлесімге келеміз. Ал осы айтылған ұқсастықтардың ешқайсысы бойынан табылмаса, ондай адаммен тіл табысуымыз екіталай.
Бұл біріміз "жақсы", енді біріміз "нашар" деген сөз емес, жай ғана адамдардың жиіліктері әртүрлі екенін білдіреді. Кей кездері басқа адамның жиілігіне сай өзгеруіміз мүмкін, алайда ол еңбек пен адамның ішкі қалауына байланысты. Ал кейде сол айырмашылықты қабылдап, ол адамды құрметтейміз. Егер адамдардың бәрі бірдей болса, өмір де қызықсыз болар еді.

Ал сіздер бұл туралы не ойлайсыздар? Басқа адамдармен арадағы резонанс пен диссонанс туралы ойларыңызды пікірге жазсаңыздар болады. Жауаптарыңызды күтемін!

Текст на русском языке выше