Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Бизнес те спорт сияқты: керемет нәтижеге қалай | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Бизнес те спорт сияқты: керемет нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

Спорт пен бизнестің ұқсастығы көп. Екеуі де мақсатқа ұмтылу, тәртіп, төзімділік пен қиындықтарға төтеп бере білу сияқты қабілеттерді талап етеді. Екеуі де адамның өсуіне, дамуына, жаңа белестерді бағындыруына мүмкіндік береді. Алайда, спортта немесе бизнесте үлкен жетістікке жету үшін жай ғана соны қалау жеткіліксіз. Әрекет ету керек. Ойын-сауықтан, жалқаулықтан, сылтаудан бас тартуың керек. Белгілі тәртіпке бағынып, мықтылардан тәлім алып, өзіңді жаттықтыруың қажет.  
Егер өз ісіңіздің хас шебері болғыңыз келсе, неге алыс қашықтық пен ыстық-суыққа мойымайтын, "тепсе, темір үзетін" спортшылардан үлгі алмасқа?! Олар мақсатқа жету үшін жоспарлаудың, талдау жасаудың, тәжірибе жүргізудің маңыздылығы мен өз әрекетіңе түзетулер енгізу керектігін жақсы біледі.

Мен сіздерге "екі сағат" концепциясын ұсынамын, яғни күніне екі сағат уақытыңызды спорт пен физикалық белсенділікке арнаңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызды ғана жақсартып қоймай, өзіндік тәртіп, мақсатқа ұмтылу, дағдарысқа төзімділік, креативтілік секілді бизнесте қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Спорт та бизнес сияқты, — әрі сын, әрі мүмкіндік. Ал сіз оған дайынсыз ба?

Текст на русском языке выше