Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Қазақстан мен Қытай мемлекеттері өзара визасыз | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Қазақстан мен Қытай мемлекеттері өзара визасыз режим енгізу туралы көліссөзге қол қойды. Менің ойымша, бұл еліміздің дамуы мен бизнестің өркендеуіне өте пайдалы. Бізге "енді қытайлар қаптайды" деп қорқудың қажеті жоқ, олар бүкіл әлемге кеңінен қадам басуда. Тек, "біз әлемдік бәсекелестікке қаншалықты дайынбыз?" деген мәселе туындайды. Жапондықтар 189 мемлекетке визасыз қатынай алады, ал бізде бар-жоғы 30 ел, ол да — біз үшін жақсы көрсеткіш. Қытайдан үйренеріміз көп, ол үшін сол елге барып, тәжірибе жинақтауымыз қажет. Содан соң, оны еліміздегі экономика мен бизнесті, ғылым мен білімді және басқа да салаларды дамытуға қолдана аламыз.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Бұл бастама жаңа мүмкіндіктерге жол аша ма, жоқ әлде еліміз үшін қауіпті ме?

Текст на русском языке выше