Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Бүгін Ақтөбе қаласында жағымсыз оқиға орын алды | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Бүгін Ақтөбе қаласында жағымсыз оқиға орын алды. Тегін дөнер тарату кезінде адамдар бір-бірін таптап кеткен. Мұндай акциялар ешқашан ақталмайды, бизнесіңізге еш пайдасы жоқ, керісінше, зияны тиюі мүмкін. Құдай бетін ары қылсын, бірақ сіздің кесіріңізден біреу-міреу  ажал құшса ше?! Мұндай шаралар сіздің кәсіпкерлік абыройыңызға нұқсан келтіреді, одан соң, тұтынушы табуыңыз да екіталай. Сол себепті, ісіңізді ілгерілету мақсатында мұндай ауқымды акциялар ұйымдастырарда абай болыңыз. Адамдардың сараңдығын, әлеуметтік жағдайының төмендігін, әлденеге мұқтаждығын өз мүддеңізге пайдаланбаңыз. Бизнесте әу бастан-ақ атыңызға кір келмеуін ойлауыңыз керек, бүлінген атақ-абыройыңызды қайтару оңай болмайды.

Текст на русском языке выше