Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Бүгін Ютака сан Жапонияға қайтады. Ол туралы бі | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Бүгін Ютака сан Жапонияға қайтады. Ол туралы білмейтіндерге біраз мағлұмат беріп кетейін. Ютака мен жұбайы Анна — біздің Жапониядағы серіктестеріміз. Олар бізге жаңа зауыттар мен шикізат іздеуге көмектеседі. Біз солар арқылы "Наттокиназа" өндіретін зауытқа тікелей байланысқа шықтық. Бұрын оны біздің Japan BioScienceLab зауытымыздан сатып алып, үстеме бағамен қайта сататын ITOH зауытынан алатынбыз. Жапонияда өндірілетін наттокиназаның 97,7%-ы Japan BioScienceLab өндіріс орнынан шығарылады. Анна және Ютакамен серіктес болған 2 жылда біз жаңа Ашитаба өнімін жарыққа шығардық, сондай-ақ сиыр желатині негізінде жасалған көптен күткен Сквален өнімін өндірдік. Өйткені, ITOH бізге халал желатин бере алмады. Бұл біз үшін өте сәтті серіктестік деуге болады, алдағы уақытта Жапония жерінде кішігірім зауыт салу жоспарымызда бар. Қазір сол бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Қазақстанда болған күндерінде Ютака Алматы мен Ақтау қалаларын көрді, Алатаудың шыңдарын тікұшақпен шарлап, Шарын үстіртін тамашалады, Бозжыраны және басқа да ғажап өлкелерімізді аралады.

Текст на русском языке выше