Get Mystery Box with random crypto!

Маңғыстау облысындағы 362 әулие өлкесінде алғаш рет болдым. Қа | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Маңғыстау облысындағы 362 әулие өлкесінде алғаш рет болдым. Қазақстанның әдемі жерлерін көрген сайын "шетелге саяхаттау" деген жалған ой санамызды әбден жаулап алған-ау деген ойға қаламын. Біз көрші мемлекеттер тұрмақ, өз еліміздің табиғатын 5%-ға білмейміз. Негізінде, Дубайға немесе Түркияға барғанда, біз кедендік гидке, құрылысшыларға, тілмаштарға жалақы төлеп, өз еліміздің қаражатын шетелге тасимыз. Шетелге шығатын сіз бен біз өз еліміздің азаматтарын емес, сырт мемлекеттегілерді жұмыспен қамтамасыз етеміз. Одан соң, "бізде инфраструктура дамымаған", "жақсы гид мамандар жоқ", "тамақтанатын орындар мен дәретханалар тапшы" деп шағымданамыз. Шындығына келгенде, біздің өлкенің әсемдігі басқа елдердің әдемі қалаларынан кем емес. Сонда да өз мемлекетіміздің экономикасын құлдыратып, өзге елдің жағдайын жақсартуға әуеспіз. Егер осы ой көпшіліктің санасына мықтап бекісе, байтақ жеріміздің жаңа қырларын бірге танып, болашақта өзге елдердің бізге саяхаттап келуге деген қызығушылығын арттырар едік!
Биыл үлкен 3 шара өткізу жоспарымда бар: Алтайға рафтинг тур жасау, ШҚО джип-тур, ашық аспан астында ауқымды форум өткізу.

Көбірек адам білу үшін осы постпен бөліссеңіздер болады