Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Мен барлық шайқасқа қатыстым. Бастысы — білек с | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Мен барлық шайқасқа қатыстым. Бастысы — білек сыбана кірісіп кетсең болды, өліспей беріспейсің! Сөйтіп, тәнімді батылдыққа үйреттім. Ең мықтыларды таңдадым, — олар мені балақтан шалса да, қайта тұрып, өздеріне қарсы жүрдім. Оларды жұдырығыммен ғана емес, қайсарлығыммен қорқыттым. Намыс үшін күрестім. Анам солай үйреткен. Адамның бойындағы жақсылық та, жамандық да — анасынан. Жазып алыңыз: "Ол мені әрдайым абырой мен намысты қорғауға үйретті"...

"Наполеон. Императордың өсиеті" кітабынан үзінді. Қандай керемет! Бұл дегеніңіз нағыз көшбасшыға, жеңімпазға тән пәлсапа ғой. Мен де Наполеонның шайқасқа қатысқаны сияқты түрлі жобалар мен бизнестерге араласып кетемін. "Теңізді батылдар ғана бағындырады!" деген рас.

Текст на русском языке выше