Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Достар, менің түрлі қанатты сөздер мен мақал-мә | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Достар, менің түрлі қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді жақсы көретінімді байқаған боларсыздар. Олар маған қараңғыда жарық беретін сәуле сияқты. Даналығымен, тәжірибесімен бөлісетін достардай болып кетті. Менің сүйікті мақалым: сәттілік батылдықты жақсы көреді. Мен бұған шын жүректен сенемін. Алға қойған мақсаттарыңа қол жеткізіп, бақытты өмір сүру үшін "жайлылық аймағынан" шығу керек, қателесуден қорықпай тәуекел ете білген жөн. Сонда ғана жаңа белестерді бағындырасыз, өзіңізді жаңа қырыңыздан тани бастайсыз. Мен мұны өзім де талай мәрте бастан кештім.
2019 жылы еш дайындықсыз зауыт іздеп Жапонияға ұшып келгенім естеріңізде ме? Бұл нағыз ақымақтық болатын! Мен 12 күн бойы ештеңе таппадым. Жігерім құм болып, елге қайтуды ойладым. Алайда, 13-ші күні ғажайып орын алды! Мен іздеген дүниемді таптым! Ол менің өмірімдегі ең бақытты сәт болатын! Әрдайым өзіме қиын болып көрінген, тіпті "мүмкін емес" деп ойлаған істі қолға алсам, үнемі оның жемісін көремін немесе жақсы сабақ аламын. Әрине, үнемі бәрі оңай әрі жеңіл бола бермейді. Кейде кедергілерді еңсеріп, қиындықтарға қарсы тұруға тура келеді. Бірақ, мен берілмеймін. Батылдығымның арқасында қалаған мақсатыма қол жеткізетінімді білемін!

Ал сіз сәттілік дегенге сенесіз бе? Батылдығыңыз қай кезде байқалады? Пікірде өз хикаяларыңызбен бөліссеңіздер болады!

Текст на русском языке выше