Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Бүгін Мәкеден (Марғұлан Сейсембай) МН өнімдері | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Бүгін Мәкеден (Марғұлан Сейсембай) МН өнімдері жайлы сұхбат алдық, видео түсірдік. Үзіліс кезінде қойып үлгерген сұрақтарыма тәлімгерім де тұшымды жауап берді. Кездесуден алған инсайттарыммен бөліссем:
1. Өз ЭГО-ңды басқара білу — мықты, табысты адамдарға тән қасиет. Егер мақсатқа жету жолында өзіңізге кедергі тудырмайтындай ЭГО-ңызды игере алсаңыз, оның еш жамандығы жоқ. Бұл дағдыны мен Мәкеден үйрендім, алайда менің бойым мен сырт келбетіме қатысты әзілдер аз болмады . Егер басқалардың сіз туралы не ойлайтынын уайымдасаңыз, өзіңізді өзгелерден жоғары ұстасаңыз, "мен бәрін білемін және әрдайым менікі дұрыс" деп ойласаңыз, ол үшін оңбай опық жейсіз. Өз нәпсіңіздің құлы болғандықтан, өміріңізде тыныштық та, байлық та, қуаныш та болмайды.
2. Кәсіпкер әрдайым өз компаниясының тірегі болады, сіз өзіңізден мықты, өзіңізден күштірек адамды ешқашан жұмысқа алмайсыз. Тіпті, ондай адамды тапқан күннің өзінде ол қызметкер сіздің компанияңызда ұзаққа тұрақтамайды. Өзіңізді дамыту арқылы, білім-біліктілігіңізді арттыру арқылы ғана мықты команда құруға болады. Сіздің командаңыз = сіздің келбетіңіз.

Көмекшілер камераларын реттеп, бізге микрофондарын таққанша, мен тәлімгеріме түрлі сұрақтар қойып, көптеген инсайттар алып үлгердім.

Осындай дана адаммен жолықтырған Жаратқанға мың алғыс! Сондай-ақ Марғұлан Қалиұлына да көп рахмет.

Текст на русском языке выше