Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Ер адам жақсы табыс таба бастаса, көп әйел алуд | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Ер адам жақсы табыс таба бастаса, көп әйел алуды ойлайды. Әйел адам жақсы табыс таба бастаса, ер-азаматсыз да күн көре алатынын түсінеді.

Меніңше, бұл пікір әлі ақыл тоқтатпаған адамдарға қатысты айтылған сияқты. Егер нәпсіңізді тізгіндей алсаңыз, жұбайыңызбен ара-қатынасыңыз жақсы болса, мұндай қиындықтар болмауы тиіс. Бүгінгі таңда осындай жағдайда тап болған талай отбасын көрдім: күйеуінің табысы жақсы болса, "алтын тәжін" киіп алып , ойына келгенін істеп, тайраңдап кетеді. Ал әйелі табысты болса, күйеуіне деген көзқарасы мен қарым-қатынасы өзгереді. Мен мұны "дұрыс, я бұрыс" демеймін, бұл — адамның санасы мен тұлғалық дамуына байланысты мәселе. Егер ондай адам дер кезінде ақылға келмесе, отбасынан да, жиған-терген байлығынан да айрылады. Өйткені, ол табысқа қол жеткізуіне себепші болған  жақындарын да ұмытып кетеді.

Ал сіздер бұл туралы не ойлайсыздар?

Текст на русском языке выше