Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Бүгін — мен үшін тарихи күн, 2023 жылдың 4 сәуі | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Бүгін — мен үшін тарихи күн, 2023 жылдың 4 сәуір күні менің алғашқы басқару компаниям ресми түрде тіркелді. Менің барлық активтерім мен жобаларымды басқаратын, сондай-ақ бизнестің келешегі зор жаңа салаларына инвестиция салумен айналысатын ауқымды компанияға иелік ету — бала күнгі арманым еді. Қазіргі таңда менің жалпы капиталы 100.000.000$-дан асатын 7 компаниям бар.
Arman Capital Itd. бірнеше бағытта жұмыс істейтін болады:
1) Директорлар кеңесі мен басқару командасын құру арқылы ағымдағы бизнестер мен активтерді басқару;
2) келешегі зор жобаларға инвестиция салу:
- жасанды интеллект
- онлайн ойындар
- білім беру платформалары
- крипто бастамалар
- ғылымды қажетсінетін жобалар.
Бұл — мені қарапайым кәсіпкерден "Халықаралық дәрежедегі бизнесмен" деңгейіне көтеретін жаңа мәртебе. Аталмыш басқару компаниясында директорлар кеңесіне кіретін және менің инвестицияларымды басқаруға көмектесетін мықты мамандардан құралған ұжым бар. Дәл бір ғажап кинодағыдай әсердемін. Атқарылған жұмыстар үшін бойымды мақтаныш сезімі кернейді.
Сәттілік тілеп қойыңыздар!

Текст на русском языке выше