Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Тағы да оқу оқып жатырмын, жақында өзім де проф | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Тағы да оқу оқып жатырмын, жақында өзім де профессор боламын-ау.
Бүгінгі тақырып: Жобаны басқару. Дәріс оқушы: Елена Радионова.

Қазіргі таңда алға қойған мақсаттарыңа жету үшін және сан түрлі жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін жобаларды басқару шеберлігінің мәні зор. Жобаларды басқару дағдысы мен үшін де өте маңызы, сол себепті, осы саладағы білімімді арттыруды жөн көрдім. Оның  бірнеше себебі бар:
1. Мен түрлі жобаларды жүзеге асыруда тиімділікті мүмкіндігінше арттыру үшін ресурстарымды (уақыт, қаражат)  ұтымды пайдаланғым келеді.
2. Нақты жоспар мен жауапты адамдар арқылы алға қойған мақсатыма межелі мерзімде қол жеткізу.
3. Күтпеген кедергілерге тап болмас үшін барлық қауіп-қатерді алдын-ала ескеру. Бұдан былай жобаны бастамас бұрын болуы мүмкін кедергілерді таразылап аламын.

Бұл дағды басшыларға ғана емес, кез келген адамға қажет. Өйткені, бала — жоба, бизнес — жоба, инвестиция — жоба, мансап — жоба, үйлену тойы, университетке оқуға түсу және т.б. барлығы — жоба.

Текст на русском языке выше