Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Профайлинг бойынша мен Пароноял типіне жатады е | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Профайлинг бойынша мен Пароноял типіне жатады екенмін. 

Параноял мақсатқа бағытталған. Ол ауқымды мақсаттарына жалғыз өзі қол жеткізе алмайды, оған  мақсат-мүдделері мен ой-пікірлерін қолдайтын команда қажет. Пароноялдың мақсатты аудиториясымен "үйлесімде" болуы үшін образдың маңызы зор. Сол себепті, Пароноял белгілі бір стильге, әсіресе классикалық стильге жақын болады. Бұл тұсы аздап сәйкес келеді.

Маған мына жері ұнады:
Маған ұнайтын және шабыт беретін дүниелер:
Менің мақсаттарымды қолдау, оның болашағына сену. Арман-мақсаттарыма сай келетін бағалы сыйлықтар. Мақсаттарымның маңыздылығы мен шынайылығы, оған деген сенім. Байқасаңыздар, жоғарыда айтылғандардың барлығы менің жеке басыма емес, мақсат-мүдделеріме қатысты.

Демотивация тудыратын факторлар:
Мақсаттарыма сын пікірлердің айтылуы, ресурстардың жоқтығы. Бейімсіздік: міндеттердің көптігі, ұзақ уақыт демалыстың болмауы, өмірдің басқа салаларында тепе-теңдіктің жоқтығы, мақсаттарымның қосалқы әсерлердің салдарынан күйреуге ұшырауы және  оған қол жеткізу мүмкін еместігінің айқын көрінісі.

Өзіңнің мықты және әлсіз тұстарыңды, шабыт алатын және демотивацияға ұрындыратын факторларды білудің маңызы зор.

Текст на русском языке выше