Get Mystery Box with random crypto!

Биыл өзіме 'Oceanman Қапшағайға қатысамын' деген мақсат қойдым | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Биыл өзіме "Oceanman Қапшағайға қатысамын" деген мақсат қойдым.
Мүлде жүзе алмайтын адам үшін алғашқы жылы 1,5 шақырым жүзудің өзі қорқынышты. Дегенмен, бүгін жаттықтырушымен дайындықты бастадым. Алда 5 ай уақытым бар. Жаттықтырушым бәрі жақсы болатынына сендірді.
Менің спорттық мақсатым:
1 жыл — 1,5 шақырым жүзу;
2 жыл — 5 шақырым жүзу;
3 жыл — 10 шақырым жүзу.

Мақсат бар жерде, — тиімділік бар. Спортта да, бизнесте де, өмірде де, қай салада болмасын, мақсатыңыз болмаса, ТИІМДІЛІГІҢІЗ ДЕ БОЛМАЙДЫ! Өз арман-мақсаттарыңызға ой жүгіртіп көріңіз. Сіздің мақсатыңыз қандай?