Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Кеше «Как навести порядок в финансах компании» | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Кеше «Как навести порядок в финансах компании» кітабының авторы Снежана Манькомен тілдесу мүмкіндігі туды. Онлайн кездесу ұйымдастырған Кайдзен клубына зор алғысымды білдіремін. Снежана өз саласының мықты маманы және кәсіпкерлермен қаржы мәселесіне қатысты білімімен қуана-қуана бөліседі. Өзім үшін жазып алған инсайттарыммен бөлісейін:
Қаржыгердің мақсаты — меншік иесінің табысын арттыру;
Меншік иесі мен бизнестің ақшасын бөлек ұстау керек, екеуі екі бөлек нәрсе.
Қаржы сарапшысының міндеттері:
- Шығынды азайту;
- Қауіп-қатерді азайту;
- Компанияның тиімділігін арттыру.

Көп мағлұмат берілді, бірақ басым бөлігін кітаптарынан білетінмін, ал жоғарыда айтылғандар — кездесу барысында алған инсайттарым. Автордың "Жеке және бизнестегі қаражатты басқару туралы әдістеме" деген кітабын оқуды кеңес етемін.

Текст на русском языке выше