Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Достар,  YouTube арнасында Gemba Podcast-тың ж | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Достар,  YouTube арнасында Gemba Podcast-тың жаңа шығарылымы жарық көрді. Біздің бұл жолғы қонақтарымыз — ерекше тұлғалар, олар: Қанат Бейсекеев, Амирхан Омаров, Дина Дауленова және Арман Тосқанбаев.

2022 жыл баршамыз үшін ауыр жыл болды. Сол себепті, бірінші кезекте ел тарихында орын алған қайғылы оқиғаларға тоқталдық. Жетістіктер мен өзгерістер жайлы айттық, өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылға арналған жоспарларымызбен, дұрыс стратегия құрудың қыр-сырымен бөлістік.

Бұл шығарылымды демалысқа шығардың алдында, дәл Жаңа жылдың қарсаңында түсіріп үлгердік. Сондықтан ат салысқан қонақтарымыз бен өз жұмыстарын абыроймен атқарып шыққан командама зор алғысымды білдіремін.

Шығарылымның толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
Қызықты әрі пайдалы болады деп үміттенемін.

Текст на русском языке выше