Get Mystery Box with random crypto!

Заман қиындады. Соңғы елу жылда әлем адам танымастай өзгерді. | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Заман қиындады.
Соңғы елу жылда әлем адам танымастай өзгерді. Өмірдің жеңіл принциптері жойылып, әлеуметтік өмірдің көзге көрінбейтін принциптері бой көтере бастады, қоғам бір-бірімен қырылысқан сансыз көп топқа бөлінді. Алған біліміміз тез ескіріп, ережелер саны артты, әлеуметтік кедергілер мен сан түрлі бөлінулер пайда болды.
Бизнесте ғана емес, ғылым мен өнерде де еркін бастамаларды жүзеге асыру ништері қысқара бастады. Бағыт-бағдар сілтейтін, өмірден не қалайтынымызды, қалай және қайда өмір сүруді, қалай күн көруді үйрететін адам табу да қиындады. Өмірдің мәні неде? Бұл әлемдегі адамдардың басым бөлігінде дұрыс мақсат та жоқ, өмірден не қалайтындарын өздері де білмейді, қоршаған орта мен өмір заңдылықтарынан бейхабар, жоспарлау дағдыларын меңгермеген, оған қоса дүниетанымы да саяз болып келеді.
Қажет ақпаратты табу оңай емес. Әлеммен бірге даналық ережелері де өзгеруде. Қалыпты өсу стратегиясының тиімділігі азаюда. Тұлғалық өсуді қалайтындардың 10-12 пайызы ғана өмірлерін түбегейлі өзгерте алды. Ал мықты жаттықтырушылардың пікірінше, бұл тек 1 пайызды ғана құрайды екен. Мұндай жағдай үшін кем дегенде, 3 себеп бар:
• өзіміз тұрып жатқан әлемнің құрылымын түсінбеу;
• қызығушылықтардың сәйкес келмеуі мен жағымсыз орта;
• мақсат қоюдағы қиындықтар.

"Қоғамдық топтар мен рөлдер теориясы" кітабынан үзінді

текст на русском выше