Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде CNN Илон Масктың Tesla-дағы оң қолы, өте еңбек | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

CNN Илон Масктың Tesla-дағы оң қолы, өте еңбекқор, әрі мінсіз қызметкер Том Чжу туралы баяндайды. Маск Твиттермен ойын ойнап жүрген соңғы жарты жылда бүкіл компанияны басқарып келе жатқан — сол.

Маскқа ұнайтыны — Том Чжудың өз ісі үшін жанын сала тер төгетін еңбекқорлығы. Ол америкалық миллиардер сияқты баспасөз беттеріне шыға бермесе де, компанияның басты жетістіктері  соның еңбегі екені анық. Том —  Масктың қоғам алдында сипаттайтын "мінсіз қызметкердің" барлық критерийлеріне сай келетін тұлға. Ол туралы не білеміз:

— Чжу күндіз-түні жұмыс істейді. Ол 2019 жылы әлеуметтік желіде: "ұйықтағым-ақ келді, бірақ жұмыстың қызығынан бас ала алмаймын" деп жазды.

— Tesla-дағы екінші адам —  тақуалық өмірді ұстанушы. Ол фабриканың жанынан 290$-ға аядай пәтерді жалдап тұрады, өйткені жұмысқа жақын, әрі қолайлы.

— Түн жарымына дейін жұмыс істеп, таңғы асын ішпесе де, жұмыс күні таңертеңгі 6-7-де басталады.

— Масктың оң қолы "қара жұмыс" істеуге арланбайды. Мысалы, ол тайфуннан соң зауыттағы суды шелекпен тасуға көмектескен. Томның айтуынша, мұндай әрекеттер компанияның ұжымдық рухын көтеріп, құндылықтарын арттыра түседі. Сондай-ақ, Чжу Tesla-дағы жұмыс стилін "тиімділік пен прагматизм" деп атайды.

Илон Маск басшылығымен жұмыс істеудегі жетістіктің құпиясы өте қарапайым. Машина құрастыру үшін — өзің де сол машина сияқты болуың керек.

Текст на русском языке выше