Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Biometric Technology-дың негізін қалаушы Әлібе | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Biometric Technology-дың негізін қалаушы Әлібекпен кездестім. Әлібекпен бұрыннан таныспыз, бірге таңғы ас ішіп, қызықты тақырыптарды жиі талқылаймыз. Бүгін әлемдік дағдарыстар мен 2023 жылға арналған жоспарымызды сөз еттік. Біздің ұқсастығымыз көп: құндылықтарымыз, дүниетанымымыз, өмірдегі қызығушылықтарымыз сәйкес келеді. Екеуіміз де айналысып жүрген ісіміздің мансап жолында өте еңбекқормыз .

Әлібектің жобасы керемет, бүгінгі таңда олар ТМД елдері мен алыс шетелдің банктеріне тиімді шешімдер ұсынып жүр. "Клиентіңді жатқа біл" деген ұстаныммен жұмыс істейтін аталмыш жүйе тұтынушыларды жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Мен еліміздегі ІТ жобалардың дүниежүзілік деңгейде ұтымды шешімдер қабылдауға ат салысып, әлемді бағындырып келе жатқанын мақтан етемін.

Текст на русском языке выше