Get Mystery Box with random crypto!

Редьярд Киплинг. Өсиет. Редьярд Киплинг Бәрінің адасуына сені | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Редьярд Киплинг. Өсиет.
Редьярд Киплинг

Бәрінің адасуына сені кінәлап, қарғайтын,
Абыржыған топта бекем бол.
Бүкіл әлем қарсы тұрса да,
Өзіңе сен, бастысы — сол!
Сенімі аз жандардың,
Күнәсін кеш, артын күт.
Өтірік айтсын мейлі олар,
Кешірімділікті үлгі тұт.
Жомарт, дана көрінуге
Жұрт алдында талпынба,
Армандай біл, алайда
Құл болма арман алдында.
Ойлан, ойыңа мән бере,
Бақ пен ұрысты теңдей көр.
Алаяқтың жалған сөзіне,
Ұрыспа, үнсіз ұсын төр.
Өмірің құрдымға кетсе де,
Бәрін басынан баста сен.
Еңбекпен келген дүниені,
Тәуекел ет үмітпен.
Айырылып бардан бір сәтте,
Пақырдың күйін кеш, мейлі.
Жүрек пен жүйкең аман болса,
Өкінбе уайымдап өткенді.
Жігерің құм болса да,
Азаттығың алға жетелер.
Хандармен тілдес, - сонда да
Қарапайым бол, ел көрер.
Халқыңа адал-ақ сөйле,
Дос пен дұшпанға қатал бол.
Өзгелер сенімен санассын,
Сөзіңе мән бер, бары — сол.
Адал жүр, ақ сөйле ылайым,
Ұстатпас уақыт тоқтаусыз.
Қожасы болып әлемнің,
Сонда Адам боп қаласыз!