Get Mystery Box with random crypto!

TOREGALI TOREALI

Telegram арнасының логотипі toresh — TOREGALI TOREALI T
Telegram арнасының логотипі toresh — TOREGALI TOREALI
Арна мекенжайы: @toresh
Санаттар: Музыка
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.46K
Арнадан сипаттама

Официальный TikTok аккаунт - www.tiktok.com/@toregalikz ✅
Фан-чат: @torefan
YouTube: http://bit.ly/ToregaliToreali
Instagram: https://instagram.com/toregalitoreali

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 18

2022-04-21 01:43:37
Ассалаумағалейкум, Ниет қабыл болсын, құрметті оқырман!

Жуырда жаңа әніміз YouTube каналымызда жарық көрмек!

Сол сәтті жіберіп алмау үшін, каналымызға “ПОДПИСАТЬСЯ” батырмасын басып, тіркеліп кетіңіздер!

http://bit.ly/ToregaliToreali
663 views22:43
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 10:37:43 https://vt.tiktok.com/ZSdr9yYhN/

Жаңа видео, жаңа ән!

Қолдау күтеміз, ардақты Ағайын!
5.1K views07:37
Ашу / Түсініктеме
2022-03-22 13:58:05
Жыл басы – әз наурыз құтты болсын ағайын!

Наурыз – халқымыздың бар жақсылықтың бастауына балаған мейрамы.

Жаңа жыл жақсылығын жеткізсін, ескі жыл есіркесін! Аспан-Жердің арасы тыныштық пен бақытқа толы болсын! Әр қазақтың шаңырағы шаттыққа, бақытқа, дәулет пен мол несібеге жете берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
29.7K views10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 22:33:59 Басқадан биікке ұшып, айналасынан бұрын аспандап кеткен аңғал құстардың оққа ерте ұшатыны секілді көптің алдында шығып, Алла абыройын көтерген жігіттерге де шибөрідей жабылып, бастағы бағын шайқағысы келетін көре алмастардың көп болатыны заңдылық.
Алайда, қандай қарсылық пен сынаққа тап болса да, өнердегілерге өнеге, ізіндегі інілерге үлгі болсам деп жүрген Қайраттың қанаты ешқашан қайрылмасын деп тілеймін!

Бақытың бүтін, ғұмырың берекелі болсын Қайыр аға!
Алла сені панасынан тастамасын!
Қай кезде де қасыңнан табылар бауырларың бар екенін біле жүр!

Жаңа жасың құтТты болсын, @kairgram
73.3K views19:33
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 22:33:56
Бүгін - Қайраттың күні!
Қайраттың мерекесі!
Бұл жазбаны “Қайрат деген кім?” деп бастауға болар еді.
Бірақ, Қайраттың қандай тұлға, қандай азамат екенін бүтін Қазақстан түгілі, бүкіл Орта Азия, Америкаға дейін біледі.
Қаншама халық мойындайды.
Сондықтан, бұл постты “Қайрат” дегеніміз не?” деп бастағым кеп тұр.

Абай атамыз “Сабырлылық, ұстамды шыдамдылық, Ол Қайраттан шығады, білсең керек” демей ме?
Қайрат дегеніміз - энергия.
Әлемді мойындатуға, атыңды шығаруға, шаршамай еңбек етуге толассыз қайрат керек екені даусыз. Бірақ, Абай атамыз қайраттың көкесі ұстамдылықпен сабырлылыққа керек деп отыр.
Өйткені, нағыз жігіттің жігіттігі осындай сынақта білінеді екен ғой. “Аюды жеңген адам жарты батыр, ашуын жеңген адам бүтін батыр” дегендей, елдің қамы, әулеттің бүтіндігі, үйдің берекесі үшін ашуын жұтып, адамдарды жарастыру үшін өзімшіл мінезінен бас тарта алған еркек - нағыз еркек емес пе?
Ел білетін Қайратты қайдам, мен білетін Қайрат сондай азамат!
15.5K views19:33
Ашу / Түсініктеме
2022-02-07 22:56:00
Түн тыныштығын тіледім, ардақты ағайын!
16.9K views19:56
Ашу / Түсініктеме
2021-12-31 18:26:10
Келе жатқан ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗ ҚҰТтТЫ БОЛСЫН!

Жаңа жыл жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын!

Ізгі ниетпен, ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ
26.4K viewsedited  15:26
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 14:13:11 Ән желіде:

СІЛТЕМЕ ОСЫ ЖЕРДЕ
24.0K views11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-16 12:40:54 17:00 де YouTube арнада жолыққанша!

YouTube-та Видеоның астына үздік тілек жазып, көп Like жинаған адамға сыйлық бар!

Видеоға сілтеме:


27.1K views09:40
Ашу / Түсініктеме