Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін - Қайраттың күні! Қайраттың мерекесі! Бұл жазбаны “Қайра | TOREGALI TOREALI

Бүгін - Қайраттың күні!
Қайраттың мерекесі!
Бұл жазбаны “Қайрат деген кім?” деп бастауға болар еді.
Бірақ, Қайраттың қандай тұлға, қандай азамат екенін бүтін Қазақстан түгілі, бүкіл Орта Азия, Америкаға дейін біледі.
Қаншама халық мойындайды.
Сондықтан, бұл постты “Қайрат” дегеніміз не?” деп бастағым кеп тұр.

Абай атамыз “Сабырлылық, ұстамды шыдамдылық, Ол Қайраттан шығады, білсең керек” демей ме?
Қайрат дегеніміз - энергия.
Әлемді мойындатуға, атыңды шығаруға, шаршамай еңбек етуге толассыз қайрат керек екені даусыз. Бірақ, Абай атамыз қайраттың көкесі ұстамдылықпен сабырлылыққа керек деп отыр.
Өйткені, нағыз жігіттің жігіттігі осындай сынақта білінеді екен ғой. “Аюды жеңген адам жарты батыр, ашуын жеңген адам бүтін батыр” дегендей, елдің қамы, әулеттің бүтіндігі, үйдің берекесі үшін ашуын жұтып, адамдарды жарастыру үшін өзімшіл мінезінен бас тарта алған еркек - нағыз еркек емес пе?
Ел білетін Қайратты қайдам, мен білетін Қайрат сондай азамат!