Get Mystery Box with random crypto!

Жігіттер-қыздар, мынадай позор боп жатыр:)) Обшым, кешеден бе | Тимурдан Инфо | it&tech

Жігіттер-қыздар, мынадай позор боп жатыр:))

Обшым, кешеден бері dmg образдан не узбға, не сыртқы қатты дискке Макинтош құя алмай қойдым.

Не терминал, не диск утилити, ешқайсысы көмектеспеді. Гуглдің оооооооооооооооооооооле деген бетіне дейін шыққан инструкцияның барлығын миллион рет оқып, жасап, әрекет қылдым.

Қызық болғанда, соңғы МакОС арқылы ӘпСтордан бұрынғы дистрибутивтерді іздесең, шықпайды екен. ISO көшіріп алғым келген. Сол қондырғышқа қолым жетпей отыр. Күмәнді сайттардан жүктегім келмеді. Ал Әпілдің ресми сайты арқылы тек dmg арқылы ғана жүктей алдым.

Көмектесіңіздер;))