Get Mystery Box with random crypto!

Ертең Corporate Finance сабағынан емтихан еді ғой. Соған униве | Тимурдан Инфо | it&tech

Ертең Corporate Finance сабағынан емтихан еді ғой. Соған универдің материалын ысырып қойып, ютубтегі сабақтар арқылы қайталап отырмын.

Бұл нені білдіреді?

Бұл - Бостон университеті жақсы ма, Харвард жақсы ма, Оксфорд жақсы ма деген сияқты бітпейтін сұрақтар мен арты әрбір университеттің түлектері өзара қырқысып кететін сұраққа жауапты білдіреді. Қандай университетте оқысаң да кейде қарапайым ютубтағы қарапайым үндістің альтернатив түсініктемесі пайдалырақ боп шығуы мүмкін.

Яғни, қандай да бір ақпаратты университетте оқытқанда ұқсаң, ұқтың! Онда тамаша!

Алайда, өте көп жағдайда, ұқпайтыныңа сенімдімін. Сондықтан, мәліметті жан-жақтан алған дұрыс. Тек қана бір көзден ақпарат алып, сол арқылы барлық мәселені шешіп аламын деген ешқашан болмайды.

Кеше Инстаграмдағы сториге ІТ саласында неліктен 0 мен 1 маңызды екенін бір ғана абзацпен жазып, 15 секундқа да жетпейтін видеомен жариялағанда, бір оқырманым дайректке "Университетте 5 жыл оқығанда түсінбегенімді түсіндіріп бердің ғой" деп жазыпты. Ал мен ол сториді жай ғана жаза салғам. Ештеңені толық түсіндіру ойымда да болған жоқ.

Көрдіңіздер ме? Ендеше, Алланың берген мына замандағы ағыл-тегіл ақпаратын тиімді пайдаланып үйреніңіздер.