Get Mystery Box with random crypto!

Кореяға кіргеннен кейін жолын тауып, машина сатып көтеріліп, б | Тимурдан Инфо | it&tech

Кореяға кіргеннен кейін жолын тауып, машина сатып көтеріліп, байып кетем деген ол миф нәрсе! (Яғни машина сатып, авто-запчасти жіберіп, алып-сатар болып дегендей) Егер ондай болса осында жүрген небір пысық 10-15’000 қазақтар баяғыда байып, кәзір Кореяны тіреп тұрар еді ғой, мүмкін сіз көрген-білген адамдардыңыз, ол тек 0,01-0,1% ғана шығар. Так что, оған сенбей, жерге түсіңіздер) осында келіп, байып кетуге қарағанда, өз еліңде байып кету ықтималдығың жоғары сияқты, егер амалын тауып жатсаң)))

Онда қалай ресми құжатпен кіруге болады? Мына екі жолды айтар едім:

1. K-Eta деген программа бар дейді, бірақ шын айтсам ол не қандай программа екенін білмеймін. Өздеріңіз ізденіп қарарсыздар, онда да мощенниктер барын ұмытпаңыздар))

2. Оқуға келіп, кейін жұмысқа орналасуға болады. Енді бұл таза өз күшің, өз білімің. Кореяда небір оқу программалары, тегін гранттар бар, солардың бірі KGSP (Korea Government Scholarship Program). Жай бас істетіп, оқу керек.

Меніңше, осы екі жол кәзірге таңда мүмкін сияқты, бірақ 1-ші жағдайды жақсы біліп алыңыздар, мүмкін ол жай ғана туристтік болса, өз уақытында ұшпай қалып қолсаңыз, осы жоғарыда аталған жайттарға тап боласыз.

Бұл пост мақсаты - жай ғана сіздерге, ой салуға арналған.

Әрине бұл айтылғандармен келісетіндер де бар, келіспейтіндер де бар, жолы болып басқаша болғандар да баршылық. Әркімнің тағдыры әр түрлі. Бұл мен көріп, араласқан адамдардан әңгімелесіп, ой бөлісіп, жиған терген білімнің түйіні.

PS. Түбінде бұл заман көзі-ашық, білім қуғандардың заманы болмақ, сол үшін білімге бар күшіңізді салыңыздар, жерде қалмайсыздар!!!

Автор: @Yergali_B