Get Mystery Box with random crypto!

Кешегі жазбадан кейін біраз шабыт алып, тағы бір кішігірім пос | Тимурдан Инфо | it&tech

Кешегі жазбадан кейін біраз шабыт алып, тағы бір кішігірім пост жазып, ой бөлісіп қояйын дедім))

Бүгінгі жазбам Кореяға асығып жатқан қазақтарға арналады, әсіресе жұмыс іздеп келушілер үшін, көбіне визасыз “не-легал” болып қалатындар жайында.

Әрине, ешкім мұнда, не басқа шетелге "Қазақстанның рахат өмірінен шаршағаннан" келмейді. Бастарында бірнеше кредиттерден, одан қалса семья асырау, қарыздарын жабу үшін жұмыс іздеп келеді. Әрине ол тенденция тек бізде ғана емес, бүкіл дамушы елдерде солай.

Енді жақсы-жаман жақтарымен бөлісе отырайын, мүмкін ақпарат үшін пайдаларыңызға жарап жатар.

Алдымен жақсы жағынан бастайын:

1. Салыстырмалы түрде беретін айлықтары жоғары, және мұнда сағатпен есептейді, жұмыс қиындылығына және ұзақтығына байланысты. Шамамен 1000-1500$ басталады (әрине мен долларға шаққанда айтып жатырмын, себебі Кореяда тек өз ақшасы вонмен береді).

2. Жаңа өмірді, жерді, жалпы жаңа әлемді көру. Себебі көбіне шетелге бармағандар үшін, дамыған елде болғанда таң қалатын жағдайлар көп болады. Әрине демалыс күндері жер-жерлерді аралап көріп, соларды еске қалдыру үшін суретке түсіп, тамаша сәттер болып тұрады.

3. Егер жолда қарапайым қазақты көріп қалсаң, танысып, мән жайды сұрасып, бауырмал келеді (бұл енді көбіне жұмыспен келгендер арасында, яғни өмірлік тәжиребесі бар орта жастағы қазақтарға сай нәрсе).

4. Барлық жерде камера, ешкім сенің затыңды ұрлап кетпейді, отбасыңа, не бала-шағаңа ондай айтарлықтай қауіп жоқ. (әрине егер келімсектерді айтпағанда, кәрістер ондай нәрселерге “это ниже моего достоинство” деп қарайды). Барлығы да ережеге бағынады, және соның аясынан аспайды.

Енді жаман жақтарына тоқталсам:

1. Сен бәрібір бұл елде бөтен адамсың, егер визасыз жүрсең ойда әрдайым ұсталып қалмасам екен деген ой болар. (Өз басым қолында Қазақстан паспорты бар, бір қазақ қызын қолында “наручникпен” эмигрейшн офисте отырғанын көргенмін, сұрастырғанымда визасыз жүріп, кішігірім қылмыс жасапты-мыс. Ары қарай алып кетті, мен үшін ауыр тиді, бірақ қалай арашалап аламын, менде бұл елде бөтен адаммын ғой((

2. Жұмыс айлығы қаншалықты жақсы болса, соншалықты ауыр болатынын ұмытпау керек. Кәрістер өте “пақр” болғаннан ба басқалардан да соны талап етеді. Таң азанмен поляда, не ауыр ауыр бетон арасында жұмыс істейсің. Денсаулығың соған сай болса кәнекей, бірақ денсаулық дегеніміз әлсіздік байқатып жатады. Мұнда қара жұмыс істеп, толып кеткен ешкімді көрмеппін.

3. Келгенде жұмыс күтіп тұрады деген өтірік нәрсе, себебі жұмыс берушіге бәрібір кім келсе де, бастысы өз уақытында істелсе болды, сол үшін мұнда жұмыс бар дегенге жақсылап ойлану керек. Және жұмыстар “сезонный” келеді, всегда “стабильный” айлық болады деген өтірік нәрсе.

4. Тамақ қымбаттау, және халал тағамдарды табу оңай емес. Мұндағы “Sea-food” (теңіз тағамдарына) балық кіре бермейді, креветки, осминог, ракушка жеп үйренуге де біраз уақыт керек болады ))).

5. Тіл білмесең, ақылды иттің кейіпінде жүресің, қарсы айтып түсіндіруге шамаң жетпей, айтқанына көніп отырасың. Кейде кәрістер әдейі ма, әлде шынымен бе тура айтсаңда, түсінбей бетіңе қарап тұрады. Ал тіл үйренуге де біраз уақыт кететінін де ұмытпаған жөн.

6. Құжатсыз болғандықтан, саған басқа қызметтер жабық болады (банк, медицина т.б). Әрине олардың да жолдарында табуға болады. Бірақ жалпы алғанда не емделе алмайсың, банк қызметтерін қолдана алмайсың.

6. Осында жүріп қалған қасқыр-түлкілер өте көп, бізше айтқанда “мощенниктер” толып, артылады. Қарапайым мысал, саған “реальный” құжат жасаймын деп, жоқ болатын. Ондайға мүлдем сенбеген жөн. Себебі ол өтірік нәрсе. Егер олар істей алатын нәрсе болса, онда қалғандары неге солай жасатпайды?!

7. Елді сағынғанда, не қалаған уақытында ауылға барғың келгенде ұша алмай, қалыс қаласын, (әрине бәрін бітіріп қайтсаң болады, бірақ бір кеткеннен кейін қайта кіруге доступ болмайды.) Ал сенде жай елге барып, қайта осында келу керек болады. Себебі мұндағы табысты елде ұсынбайды.

8.