Get Mystery Box with random crypto!

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖАЙЛЫ РЕАЛИТИ-ЖОБА БАСТАЛДЫ Қазақстандық 'Tr | Тимурдан Инфо | it&tech

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖАЙЛЫ РЕАЛИТИ-ЖОБА БАСТАЛДЫ

Қазақстандық "TrustMe сенім Экожүйесі" стартапы реалити-жобаның түсіріліміне кірісті. 10 күн бойы команда $100 000 көлемінде инвестиция тартатын болады.

Кез-келген жаңа деңгейге көтерілген стартап үшін инвестиция тарту өте маңызды. Сондықтан TrustMe инвестицияларды тарту үрдісін ашық және жариялы етіп, бизнес-процестерін live режимінде өткізуді ұйғарды.
"Украина, Беларусь және Ресейден көптеген бірмүйіз компаниялар(unicorns – нарықтық капиталдандыруы $1 млрд астам компаниялар) шыққан, ал өкініштісі - Қазақстаннан бірмүйіз компания шықпаған!", - дейді жоба жетекшісі Шыңғыс Дәулетбаев.
Неге бұлай болды? Оның себептері аз емес. Бірақ ең негізгілерінің бірі — ірі кәсіпкерлер өнеркәсіптік жобалармен айналысуды жөн көреді: шикізатпен, мұнаймен байланысты барлық нәрсе - ақша табудың тез әрі оңай тәсілдері. IT-стартаптар әлі де айтарлықтай деңгейде жұртшылықтың назарын аудармайды.
Отандық бизнесмендердің назарын осы мәселеге аудару үшін Шыңғыс пен оның командасы қызықты эксперимент ойластырды. Енді TrustMe.kz стартабына инвестиция тарту үрдісі толығымен кең аудитория үшін ашық болады.
"Біз көзі жанып тұрған жас азаматтарымызға қазақстандық бірмүйіз компания құруға болатынын көрсететінімізге сенімдімін", - деп атап өтті Шыңғыс.
Жоба жетекшісі алғашқы $100 000 немесе 10 күнге кірген инвесторлар сатып алынған акцияларға +50% акция алады деп қосты.
Реалити-жоба күн сайын Шыңғыс Дәулетбаевтың YouTube-арнасында шығатын болады. Инвестицияларды тартудың онлайн-күнделігі күн сайын әлеуметтік желілерде де көрсетілетін болады.

Шыңғысқа сәттілік тілеймін