Get Mystery Box with random crypto!

​Кеше Apple компаниясының WWDC2022 жыл сайын дәстүрлі түрде өт | Тимурдан Инфо | it&tech

​Кеше Apple компаниясының WWDC2022 жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін технологиялық-жүйелік ауқымды шарасы болып өтті.

Технологиялық жаңалықтарын былай алып қойғанда, біз үшін, яғни қазақ халқы үшін тосын жаңалықты паш етті!

Енді iOS16 жаңартуынан бастап Әпілдің Айфон смартфонында құрылғыны басқару тілі ретінде қазақ тілі де ресми түрде қосылады және қазақша мәтін жазған кезде қажет сөзді өзі ұсынып отыратындай функция қосылады.

Тамаша ма? Әрине!

Бірақ, осы жерде 2 қызық нәрсе бар.

Біздің елдегі технологиялық және инновациялық бастамалар мен жұмыстарға тікелей жауапты шенеуніктер мен лауазымды тұлғалар әлі күнге дейін мемлекеттік тілді 2-ші орынға ысырып келеді.

Екіншіден, Яндекс Такси мен 2GIS сияқты шетелдік өнімдер мен Apple сияқты әлемдік компаниялардың қазақ тілін өз өнімдеріне қосқанын құдды бір өздерінің жетістігі, жылдар бойы шапқылап жүріп шаршап іске қостырғаны секілді ұсынуы.

Біздің шенеуніктер ұялуы керек!

Неліктен?

Шындығында, бұл қазақ тілінің жетістігі, оның болашағы бар, маңдайы ашық екендігіне енді қуануға болғанымен, технологиялық жаңалықтарға және қазақ тілінің технологиялық тұрғыдан дамуына тікелей қатысы бар шенеуніктердің жеңілісі! Олардың жұмысының ақсақтығы.

Өйткені, олардың жұмысын өзгелер, шетелдік компаниялар істеп жатыр. Ал қазақ тіліндегі технологиялық, жасанды интеллект үлесі бар жобалардың шетелдіктер тарапынан істелуі - біздің еншіміздегі артықшылық, өз тіліміздегі технологиялық дүниелерді бірінші жасап енгізіп, үстемдікті қолда сақтау мүмкіндігінен айрылып қалғанымыз.

“На казахском ” деп қойып тілімізге екінші сортты деңгейде қарайтын және ол жазбасының қазақ тіліндегі нұсқасын әуелі орысша жазылған мәтінді Гугл Аудармашыға салып шала-шарпы аударылған күйде жариялай салатын шенеуніктер - ұялуы керек!

Ал мен бүгін өмірімнің соңғы 20 жылын ІТ саласын қазақыландыруға, насихаттауға, көпшілікке жеткізуге шырылдап жүрген адам ретінде біріншіден қуандым, екіншіден мұңайдым.

Қуанғаным - түсінікті. Қазақ тілі өлмейді екен. Әпіл, Гугл, Майкрософтар әйтеуір бір әлемнің бұрышында қазақ деген елдің жүргенін де ескеріп, технологиялық жаңалықтарына қосып жатыр. Өткенде мен жасанды иниеллект арқылы қазақша дубляж жасадым ғой? Соны Гуглдың табиғи тілді синтездеу технологиясы арқылы жасадым.

Ал мұңайғаным, қазаққа, қазақ тіліне қолдауды қазақ мемлекетінен, қазақ шенеунігінен күтіп жүргенде, олардың мойын бұрып та қарамауы және мынадай жойқын технологиялар бізге енді сырттан ғана таңылатыны. Өз тілімізді еркін білетін, диджитал қамыт келмей тұрғанда өз тіліміздегі технологияны жасап алу артықшылығымыздан айрылып қалғанымыз. Дұрысы, жүйелі түрде, қасақана, әдейі жеңіліп отырғанымыз…

Когнитив диссонанс деген осы, ағайын! Не де болса, қазақ тілі өлмесін, өлмейді де! Ал қазақ тілін менсінбейтін шенеуніктер…