Get Mystery Box with random crypto!

Рақымшылық ету «кешірім беру» деген сөз емес Құқық қорғаушы Е | Тіл кеспек жоқ

Рақымшылық ету «кешірім беру» деген сөз емес

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис
Inbusiness.kz тілшісіне берген сұхбатта Тоқаевтың айтқан рақымшылығы туралы түсіндірді

«Кешірім – бұл белгілі бір адамға қатысты басқа рәсім және оны кешірім комиссиясы мен Президент жүзеге асырады. Ал рақымшылық жасау нақты адамдарға емес, қылмыстық заңнаманың белгілі бір баптарына, сондай-ақ азаматтардың белгілі бір санаттарына, мысалы, әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге, қарттарға және т. б. қатысты.

Рақымшылық дегені арқылы тек қылмыс деңгейіне қарай кейбіреулер босатылуы мүмкін екенін ғана меңзейді.

Президент мырза экстремистік, террористік қылмыс істегендерге жаза жеңілдетілмейді дегенді айтқанымен, Қаңтар оқиғасы бойынша тағылған айыптың басым бөлігі осы экстремистік қылмысқа қатысты. Жаппай тәртіпсіздік соған жатады.

Сонда рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін? Шамамен, ұрлық (Қылмыстық Кодекстiң 188-бабы – "Ұрлық"), мародерлікке қатысқандар ғана ілігетін шығар. Ал наразылыққа қатысқандар ілікпейді немесе оның арасынан әлі де нақтылап айтып қалады».

Дереккөз: inbusiness.kz