Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар қырғыны тек қара термен ақталмақ Бұл оқиға қатысты ешк | Temirlan Quanyshuly

Қаңтар қырғыны тек қара термен ақталмақ

Бұл оқиға қатысты ешкімді ақтамаймын,сөкпеймін. Болатын іс болды. Әркімнің өз өмірі, өз таңдауы бар.

Оқиға болып жатқан сәтте үйде жатып “қалай көмектесе аламын”-деген тақырыпта біраз ойландым. Жаңа бірдеме ойлап таппадым тек бұрынғы ұстаным күшейе түсті. Яғни қазір жасап жатқан жұмысымды кәсіби әрі сапалы істеу. Елге көбірек пайда әкелу үшін көп компанияға қызмет көрсету керек.

Жасап жатқан кәсібім тек табыс көзі емес, елге қызмет. Себебі біздің қызметтерді пайдаланған компаниялар дамиды,өседі. Олар өсіп дамыған сайын жаңа жұмыс орны ашылады, мемлекетке көп салық төлейді. Интелектуальды өнім нәтижесінде қазақ елінің экономикасы дамуына үлесімізді қосып жатырмыз.

P.S. Біздің таңдауымыз-ЕҢБЕК.

Ал,сіздің таңдауыңыз қандай?!