Get Mystery Box with random crypto!

НДС галочкамен шешілмейді 2021 ж желтоқсан айында НДС туралы | Temirlan Quanyshuly

НДС галочкамен шешілмейді

2021 ж желтоқсан айында НДС туралы заң қабылданғанын естігенде көп нәрседен күмәндандым. Соның бірі неге НДС төлемеуге үкімет өздері мүмкіндік берді ? Неге, ресейдің кейсін жасамады? Сұрақ көп жауап жоқ.

Болжамым бойынша үкіметтің басты мақсаты НДС емес, көлеңкелі бизнесті рәсімдеу. Бүгін Facebook салық органдарына ақпарат береді дегенді оқып, күмәнім растала бастады.

Бюджеті аз компанияларға оны көрсеткеннен келер зиян жоқ. Вот, айына миллиондап салатын компаниялар ойлануы керек. Себебі олардың көбі НДС төлемеу үшін әртүрлі жолмен бухгалтериясын жүргізеді.

ИП не ТОО счетындағы ақша айналымы таргетке жұмсалған бюджетпен сай келмейді. Мысалға: Счетқа 10 млн тг түсті компания таргетке 5 млн тг жұмсады. (Бұл уже қай жағынан қарасаңда күмәнді.)

Салық органы соларды анықтаған жағдайда біраз компаниялар НДС пен қоса айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Ең қызығы Facebook қандай ақпарат беретіндігі:)

P.S. НДС тым оңай шешіле салғанына күмәнім бар. Себебі үкімет үшін табыс көзі оны енгізіп просто так одан айырылып қалу логикаға сыймайды

НДС- компанияға салынатын салықтың бір түрі. Толық ақпаратты гуглдан оқып аласыз.

Маркетингке қатысты басқада қызық ақпараттар

https://t.me/tiko_kz