Get Mystery Box with random crypto!

🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑

Telegram арнасының логотипі thetodaykoreanss — 🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑
Telegram арнасының логотипі thetodaykoreanss — 🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑
Арна мекенжайы: @thetodaykoreanss
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 72
Арнадан сипаттама

ᴡᴇʟᴄᴏᴍᴇ ᴛᴏ ᴍᴀᴅ ᴡᴏʀʟᴅ 🌑

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-08-25 09:00:19 Қайырлы күн. Менен пайдалы посттар күтіңіздер
5 viewsJosie, 06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 09:36:58 Ертеңнен бастап сабақтарда грамматика, сөздіктер болады
153 viewsJosie, 06:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 09:36:06 Кешке жақын өтілген сабактар бойынша тест болады
156 viewsJosie, 06:36
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 09:35:17 Корей тіліндегі санау жүйесі 2 ге бөлінеді: олар саналатын және саналмайтын заттарда екі түрлі санау жүйесі қалыптасқан
Біріншісі корейлік көбіне таныс санау
1 -하나 "хана"
2-둘 "туль"
3 - 셋 "сет"
4 - 넷 "нет"
5- 다섯 "тасот"
6 - 여섯 "йосот"
7 -일곱 "ильгоп"
8-여덟 "йодоль"
9-아홉 "ахоп"
10-열 "ёль"
Т.б
Оны корейлер санағанда ғана қолданады
Екінші санақ жүйесі қытайлық санау
Қытай кореяның мәдениетіне ғана емес сонымен қоса тілінеде көп әсер еткен. Бұл дүние жүзі тарихын жақсы білетіндерге таныс шығар?Сондықтан көптеген көрей сөзі қытай тілінен алынған.

Қытайлық нөмірлер жүйесі, корейлерден айырмашылығы, 60-тан асатын сандарға ие және түпнұсқа кәріске қарағанда жиі қолданылады. Енді осы корей нөмірлерін пайдаланып онға дейін санаңыз:

1 일 (иль) - бір;
2 이 (и) - екі;
3 삼 (сам) - үш;
4 사 (са) - төрт;
5 오 (о) - бес;
6 육 (юк) - алты;
7 칠 (чиль) - жеті;
8 팔 (пхаль) - сегіз;
9 구 (гу) - тоғыз;
10 십 (щип) - он.

Қытай санақ жүйесінде екі таңбалы сандарды құрастыру оңай мысалы:이 (и) - екі; 십 (щип) - он. Сонымен 십이(щип и)он екі, ал 이십 (и щип) жиырма.
158 viewsJosie, 06:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 09:35:03 Бүгінгі сабақта сандарды үйренетін боламыз
144 viewsJosie, 06:35
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 09:34:42 Бүгін бізде корей тілін үйренудегі 2 сабақ
144 viewsJosie, 06:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-22 09:34:20 Қайырлы күн
144 viewsJosie, 06:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 13:15:17 Егер Хангылді тез жаттап алғыңыз келсе мына тәсілді қолданып көрсеңіз болады:

Нан -난
Карандаш - 가란닷
Мысық - 므슼

Бұл бірінші тәсіл. Ал енді екінші тәсілмен бөлісейін.


ㄱөйлек
ㄹоза
ㅎан
ㅜық


Қай тәсіл қолайлы сол тәсілді қолданыңыз. Мен бұл тәсілдерді өзім шағарған жоқпын. Өзімде осылай үйренгенмін
214 viewsJosie, 10:15
Ашу / Түсініктеме
2021-08-21 13:10:16 Бүгін біз алғышқы сабағымызды өтеміз , оны әрине әліпбиден бастаймыз.Корей жазбасын Хангыль (한글) деп атаймыз.Оның негізін қалаушы Ұлы Сэ Джон (세종대왕),бұған дейін корей тілінде қытай иероглифтері қолданылып келген.Оның билігі жүрген замандарда Корея мәдениеті көтеріліп , бірталай өзгерістер болған Ал осының барлығы 15 ғасырдың орта кездерінде болған.

Сонымен , бастайық.
Корей тілінде 10 дауысты дыбыстан және 11 дифтонгтан (яғни бірнеше дауысты дыбыстан тұратын күрделі дыбыс) тұратын 40 әріп бар. 14 дауыссыз дыбыс пен 5 қосарлы дауссыз дыбысты қосқанда барлығы 40 әріп болады. Сонымен қатар корей тілі иероглифтерден тұратынын да ескере кеткеніміз жөн , сонымен бізге ханджа (한자) деп аталатын иероглифтерді жаттау керек болады.

Дауыстылар:
ㅏ- а
ㅑ- я
ㅓ- о ( «о» мен «а»ның арасында айтылады)
ㅕ- ё
ㅗ – о ( «о»мен «у»дың аралығында оқылады)
ㅛ – ё (йо,ерінді созыңқырап , ерінді бантик секілді етіп , барынша жабық айту керек)
ㅜ - у
ㅠ- ю
ㅡ - ы
Дифтонгтар:
ㅣ- и
ㅐ- э
ㅒ- е
ㅔ- э
ㅖ- е
ㅘ - ва
ㅙ - вэ
ㅚ-вэ
ㅝ- во
ㅞ- увэ
ㅟ- ви
ㅢ- ый
*Корей тілінде В әріпі жоқ болғандықтан дыбыстар уе және вэ дыбыстарының аралығында оқылады.

Дауыссыздар
ㄱ- киёк (г, к)
ㄴ- ниын (н)
ㄷ- тигыт (д, т)
ㄹ- риыль (р, л, ль)
ㅁ- миым (м)
ㅂ- биып (б, п)
ㅅ- щиот (с, щ)
ㅇ- иынг (нг (ng)) – сонымен қатар , егер сөз дауысты дыбыстан басталса , дауысты әріптің алдына міндетті түрде иынг қойылып жазылады.
ㅈ – джиыт (дж)
ㅊ- чиыт (ч)
ㅋ- кхиык (кх)
ㅌ- тхиыт (тх)
ㅍ- пхиып (пх)
ㅎ- хиыт (х)
ㅊ ㅋ ㅌ ㅍ – туынды дауыссыздар болып саналады , бұл әріптерㅈ ㄱ ㄷ әріптерінен туындаған .
ㅇ ㅎ – дыбыссыз дауыссыздар
Қосарлама дауссыздар:
ㄲ – ссанг киёк (к)
ㄸ- ссанг тигыт (т)
ㅃ- ссанг биып (пп)
ㅆ – ссанг щиот (с)
ㅉ – ссанг джиыт (ц)
*Айтпақшы, «ссанг» 쌍 –"жұп" немесе айтқанымыздай қосарлама деген мағынаны білдіреді*
200 viewsJosie, 10:10
Ашу / Түсініктеме