Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін біз алғышқы сабағымызды өтеміз , оны әрине әліпбиден бас | 🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑

Бүгін біз алғышқы сабағымызды өтеміз , оны әрине әліпбиден бастаймыз.Корей жазбасын Хангыль (한글) деп атаймыз.Оның негізін қалаушы Ұлы Сэ Джон (세종대왕),бұған дейін корей тілінде қытай иероглифтері қолданылып келген.Оның билігі жүрген замандарда Корея мәдениеті көтеріліп , бірталай өзгерістер болған Ал осының барлығы 15 ғасырдың орта кездерінде болған.

Сонымен , бастайық.
Корей тілінде 10 дауысты дыбыстан және 11 дифтонгтан (яғни бірнеше дауысты дыбыстан тұратын күрделі дыбыс) тұратын 40 әріп бар. 14 дауыссыз дыбыс пен 5 қосарлы дауссыз дыбысты қосқанда барлығы 40 әріп болады. Сонымен қатар корей тілі иероглифтерден тұратынын да ескере кеткеніміз жөн , сонымен бізге ханджа (한자) деп аталатын иероглифтерді жаттау керек болады.

Дауыстылар:
ㅏ- а
ㅑ- я
ㅓ- о ( «о» мен «а»ның арасында айтылады)
ㅕ- ё
ㅗ – о ( «о»мен «у»дың аралығында оқылады)
ㅛ – ё (йо,ерінді созыңқырап , ерінді бантик секілді етіп , барынша жабық айту керек)
ㅜ - у
ㅠ- ю
ㅡ - ы
Дифтонгтар:
ㅣ- и
ㅐ- э
ㅒ- е
ㅔ- э
ㅖ- е
ㅘ - ва
ㅙ - вэ
ㅚ-вэ
ㅝ- во
ㅞ- увэ
ㅟ- ви
ㅢ- ый
*Корей тілінде В әріпі жоқ болғандықтан дыбыстар уе және вэ дыбыстарының аралығында оқылады.

Дауыссыздар
ㄱ- киёк (г, к)
ㄴ- ниын (н)
ㄷ- тигыт (д, т)
ㄹ- риыль (р, л, ль)
ㅁ- миым (м)
ㅂ- биып (б, п)
ㅅ- щиот (с, щ)
ㅇ- иынг (нг (ng)) – сонымен қатар , егер сөз дауысты дыбыстан басталса , дауысты әріптің алдына міндетті түрде иынг қойылып жазылады.
ㅈ – джиыт (дж)
ㅊ- чиыт (ч)
ㅋ- кхиык (кх)
ㅌ- тхиыт (тх)
ㅍ- пхиып (пх)
ㅎ- хиыт (х)
ㅊ ㅋ ㅌ ㅍ – туынды дауыссыздар болып саналады , бұл әріптерㅈ ㄱ ㄷ әріптерінен туындаған .
ㅇ ㅎ – дыбыссыз дауыссыздар
Қосарлама дауссыздар:
ㄲ – ссанг киёк (к)
ㄸ- ссанг тигыт (т)
ㅃ- ссанг биып (пп)
ㅆ – ссанг щиот (с)
ㅉ – ссанг джиыт (ц)
*Айтпақшы, «ссанг» 쌍 –"жұп" немесе айтқанымыздай қосарлама деген мағынаны білдіреді*