Get Mystery Box with random crypto!

Корей өнер университетінің гранты Корей өнер университеті Қаз | 🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑

Корей өнер университетінің гранты

Корей өнер университеті Қазақстандықтарға тегін білім алуы үшін грант бөлген.Ол грант Art Major Asian.Кореяның ұлттық өнер
университеті (K-ARTS/KNUA) 1993 жылы ашылған және Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында орналасқан. Университетте музыка мектебі, драма, кино және мультимедиа, би, бейнелеу өнері және корей дәстүрлі өнері сияқты алты факультет бойынша 26 департамент жұмыс істейді. Университет әртістік таланты бар жастарды қолдау мақсатында 2019 жылға арналған «Art Major Asian» (AMA) стипендиялық бағдарламасын ұсынады.Аталмыш бағдарлама арқылы бакалавриатқа және магистратураға түсуге мүмкіндік жасалған. Стипендияның ішіне мыналар кіреді: негізгі бағдарлама бойынша тегін білім алу, ай сайынғы 800,000 вон сомасындағы стипендия, 3 ай қарқынды түрде корей тілінің курсын оқу, ішінара медициналық сақтандыру.Оқу жылдың наурыз айында басталады. Оқуға түсуге қажетті құжаттардың тізімін, оқуға түсу жөніндегі нұсқаулықты және өтінім үлгісін университеттің сайтынан жүктеп алуға мүмкіндік жасалған. Кореяға оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтардың жауабын global@karts.ac.kr электронды поштасы немесе +82-2-746-9073 телефоны арқылы сұрап білуге болады.