Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін мен сіздерге өзімнің қалай корей тілін үйреніп жүргенімд | 🌑ᴍʏ ᴡᴏʀʟᴅ🌑

Бүгін мен сіздерге өзімнің қалай корей тілін үйреніп жүргенімді жазып және кеңес бергім келеді.

Корей тілін үйрену үшін алдымен:

3 дәптер бастау керек. 1-ші дәптерді жаттығу орындауға, 2-ші дәптерді грамматика жазуға, 3-ші дәптерді сөздік жазуға.
Сөздікке арналған дәптер мен грамматикаға арналған дәптер міндетті түрде бөлек болуы керек.



Сөздікті 3-ке немесе 2-ге бөліп жазуға болады. Ұмытып қала беретін сөзді стикерге үлкен қылып жазып жабыстырып қоюғада болады, мен өзім солай жасадым. Және күніне 10 сөзден жаттап тұрса 1аптада 70 сөз, 1 жылда шамамен 3650 сөз жаттап шығасың,егер уақытың аз болса 5 сөзден жаттап тұруға да болады. Корей тілін түсіну үшін кем дегенде 5000 сөз білу керек екен . Сөз жаттау қиын емес,оған тек 10-15 минут уақыт қана кетеді. Ең бастысы әріп танысан болды.



Ал енді тіл үйренуде ең қиын болатыны грамматика. Сондықтан ережелерді ұмытып калмас үшін әр ережені түрлі-түсті каламсаппен қоршап,сәндеп қойсада болады.Егер дәптеріміз түрлі- түсті болып әдемі болып тұрса адамның оқуға деген ынтасы артады екен психологтардың айтуы бойынша . Және ережелерді ұмытпас үшін аптасына 1-рет қайталап тұру керек. Сөздіктіде 1 апта бойы жаттаған сөзімізді апта соныңда аудармасын қарамай отырып өзімізді сынақтан өткізсек артық етпейді.



Ал енді кітапқа келетін болсақ мен сіздерге корей тілін Седжон кітабінан үйренуге кеңес беремін . Кітап 6 бөлімнен тұрады. Бұл кітапта барлық сөйлемдер, жаттығулар корей тілінде жазылған яғни орыс тілінде емес. Мен корей тілін білмесем қалай бұл кітапты түсінем деп отырған шығарсыздар. Бірақ олай емес, кітапта күнделікті жаттауға сөз беріледі және сол сөздерге байланысты фразалар, ережелер бар. Егер бұл қиын, бұл кітаптан үйрене алмаймынау деп ойласаныздар онда Вон Гван және Чой Ян Сун кітабінан үйренуге кеңес берем, бұл кітаптарда жаман емес.

Және тіл үйренуге тағы не керек дейсіздер ғой...? сол тілге деген махаббат, қызығушылық керек. Осы тілді міндетті түрде үйреніп шығам деген сенімділік пен мақсат болу керек. Үйрене алмай қаламын деп қорқудың қажеті жоқ ең бастысы өздеріңізге сеніңіздер.

Мен сіздерге барынша көмек бере алдым деп ойлаймын.Ендеше 화이팅