Get Mystery Box with random crypto!

JORYQ-ЖОРЫҚ

Telegram арнасының логотипі thegreatsteppetour — JORYQ-ЖОРЫҚ J
Telegram арнасының логотипі thegreatsteppetour — JORYQ-ЖОРЫҚ
Арна мекенжайы: @thegreatsteppetour
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.45K

Ratings & Reviews

4.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-09-19 14:57:45 Белгілі атбегі Адай жылқысының ерекшеліктері туралы айтты
493 views11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-09-19 13:02:07 «Ұлы Дала Жорығы» республикалық бәйге-марафонының екінші күні басталды

Кеше шабандоздар алғашқы 100 шақырым межені Қорғалжын ауылында аяқтап, марафонның бірінші күнін қортындылады.
493 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 14:50:45 Бүгін «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» марафон бәйгесінің алғашқы кезеңі басталды. Таңғы 7-ден 19 команда жеребе бойынша белгіленген уақытқа сәйкес Астана іргесіндегі Қаражал ауылынан Сабынды ауылына аттанды. Шабандоздар 12 күнде 1200 шақырымды бағындырып, Түркістанға табан тіреуі тиіс.

Бір күнде 100 шақырымды еңсереді. Оның арасында 2 сағат түскі ас пен тынығуға арналған. Айта кетейік, әр команданың бәйгені бастау уақыты әртүрлі. Бәйгені Ақмола облысының шабандоздары таңғы сағат 7:00-де бірінші болып бастаса, араға 2 минут салып, Жетісу облысының шабандоздары жолға шықты. 7:04-те Түркістан облысының азаматтары мен қазанаттары жарыс жолына шықты.

Аламан бәйгенің басталуына ақын Светқали Нұржанов, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Amanat партиясың атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, The Great Tour Steppe қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлібек Әлденей және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, шабандоздарға сәт-сапар тіледі.

Вице-министр республикалық марафон-бәйгенің көпшлік тарапынан кең қолдауға ие болғанын атап өтті.

«Бұл – ата-бабамыздан бүгінге дейін келіп жеткен мирас. Алаш баласы ат үстінде жүріп, елін де жерін де қорғаған. Республикалық бәйге бұқара халықтың үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Өйткені ат десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Шабандоздар жеңістен үмітті. Бағы да, бабы да қатар келсе деп тілеп отырмыз. Мұндағы мақсат – ұлттық ат спортын дамыту», - деді Нұрғиса Дәуешов.

Thе Great Tour Steppe қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлібек Әлденей бүгінгі жоспар барысын кеңінен айтып берді.

«Бірінші күннің маңызы айрықша, өйткені 1200 шақырымды қазақтың мен деген шабандоздары басып өтекелі тұр. Дәл осылай күн сайын 100 шақырымды басып өтіп, байыпты желіспен алдағы межені қиындықсыз бағындырамыз деген ойдамын. Кешке таман Қорғалжыңға жетіп, тынығамыз. Тарихқа үңілетін болсақ, жылқы малын алғаш қолға үйреткен қазақтар болған. Ұлы көшпенділер мәдениетін дәріптеуде бүгінгі бәйгенің маңызы орасан, отансүйгіштік, еңбекқорлық мінезін қалыптастырады», - деді Әлібек Әлденей.
521 viewsedited  11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 14:50:40
441 views11:50
Ашу / Түсініктеме
2022-09-18 11:59:22
Марафон күнделігі. «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінің ашылуы
460 viewsedited  08:59
Ашу / Түсініктеме