Get Mystery Box with random crypto!

Кеше, 24 қыркүйекте «Ұлы Дала Жорығы» республикалық бәйге мара | JORYQ-ЖОРЫҚ

Кеше, 24 қыркүйекте «Ұлы Дала Жорығы» республикалық бәйге марафонының жетінші кезеңінде шабандоздар 700 шақырымдық межені аяқтап, Ұлытау облысы Мибұлақ ауылдық округі маңына аялдады.

Марафон-бәйгенің жетінші күнінің қорытындысы бойынша алғашқы үздік үштіктің қатарында Ақтөбе командасы 59 сағат 39 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Маңғыстау шабандоздары 60 сағат 28 минутта мәреге екінші болып жетті. Ал Жетісу облысының командасы 61 сағат 39 минутта үшінші орын болып келді.

Жетінші кезеңнің ерекшелігі, марафон қатысушылары бұл жолы алғашқы айналымға тың аттармен жолға шықты. Шабандоздардың өзі де алашқы айналымға қарағанда жүрістің ілгерілегенін, жағдайдың жақсарғанын айтып отыр.