Get Mystery Box with random crypto!

ПРЕСС-АНОНС ⠀ Далалық баспасөз мәслихаты ⠀ 23 қыркүйекте сағат | JORYQ-ЖОРЫҚ

ПРЕСС-АНОНС

Далалық баспасөз мәслихаты

23 қыркүйекте сағат 19.00-де Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Талап ауылының маңында «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінің аралық қорытындысын шығарып, командалардың ат ауыстыруына байланысты далалық баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына «Ұлы Дала Жорығы» жобасының авторы Бақытжан Тұрлыбек, марафон-бәйгесінің Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Ғани Дүйшенов пен Арман Абдоллаев, сондай-ақ марафонның бас төрешісі Надежда Купцова, бас ветеринары Ольга Гробер қатысады.
Модератор – Гүлбиғаш Омар.

Спикерлер 1200 шақырымның тең жартысын басып өткен үздік командалардың жай-күйі, шабандоздар мен жүйріктердің жағдайы және алдағы 600 шақырымдық қашықтық - Жезқазғаннан Түркістанға дейінгі жолға байланысты сұрақтарына жауап береді.

Марафон-бәйгенің барысына қатысты сұрақтарыңызды мына WhatsApp нөміріне +7 775-359-60-66 немесе The Great Steppe Tour марафон-бәйгесінің Facebook мессенжеріне жазуға болады.

#ұлыдалажорығы